RU

"Астана" өз алаңында Израильдің "Маккаби" командасын ойсырата жеңді

Футболдан Еуропа лигасы топтық кезеңінің үшінші турында "Астана" өз алаңында "Маккаби Тель-Авивті" қабылдап, 4:0 есебімен ойсырата ұтты деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойынды қос команда да бақылаумен бастады. Алғашқы минуттарда ширақ шабуылдар мен қауіпті сәттер көп бола қойған жоқ. "Астана" ойыншылары соққы бағыттағанмен, қақпашының тура қолынан табылып жатты. 32 минутта "Маккаби" ойыншылары ереже бұзып, бас төреші Сергей Бойко айып соққысын белгіледі.

Патрик Твумаси тепкен доп жартылай қорғаушы Дор Перецтің қолына тиді. Қонақтар қақпасына пенальти соққысы белгіленді. 11 метрлік нүктеден Патрик Твумаси мүлт кеткен жоқ. Есеп 1:0.

42 минутта Дмитрий Шомконың әуелете асырған пасына Патрик Твумаси бірінші жетіп, ойындағы екінші голын соқты.

Екінші тайм басталған тұста Джуниор Кабананга Придраг Райкович қақпасында үшінші рет допты тулатты. "Астана" командасы шабуылшысының айып алаңы сыртынан тепкен добы тура қақпа торынан табылды.

Араға 5 минут сала Дмитрий Шомко бірнеше ойыншыны алдап өтіп, Кабанангаға сәтті пас берді. Шабуылшының шиіре тепкен добы қақпаға дөп тиді.

Одан кейінгі аралықта "Астана" ойыншылары бірнеше рет жүйелі шабуыл ұйымдастырғанмен, қонақтар қорғаушылары бесінші голды соғуға мүмкіндік бермеді.

Үш ойын қорытындысы бойынша "Астана" 4 ұпаймен көш басына шықты. Сондай-ақ бірер сағаттан кейін ойнайтын "Вильярреал" (Испания) мен "Славия Прага" (Чехия) командаларында да 4 ұпайдан бар.

Тағы оқыңыздар:

Семіздікпен күресудің ең жылдам тәсілі анықталды

ОҚО-да әкімнің орынбасары пара алып жатқан жерінен ұсталды

Әйтімова адам өмірін құтқармаса да, туризмге қыруар қаржы бөлгендерге шүйлікті

Қазақ-қырғыз шекарасында сегіз шақырымға созылған кептеліс желіде қызу талқыға түсті

Жалақысы тағы да көтерілетін депутаттар қазынаның ақшасы қайда кететініне бас қатырмаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1652832-astana-oz-alanhynda-izraildyq-makkab.html