RU

Ресей қазақ жеріне құлаған «Протон-М» зымыраны үшін өтемақы төлейтін болды

Ресей 2013 жылы құлаған «Протон-М» зымыраны үшін Қазақстанға өтемақы төлейтін болды деп хабарлайды QazaqTimes.kz.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың сөзінше, Ресей тарапы 2013 жылы құлаған «Протон-М» зымыраны үшін Қазақстанға өтемақы төлеуге міндетті.

«Мен «Протон-М» зымыраны құлаған күннің ертеңінде оқиға орнында болдым. Ол жерде ресейліктер бөлек тілде, біз мүлдем бөлек тілде сөйлестік. Өйткені ғарыш айлағында кімнің заңы жүретінін біз білмедік. Олар өз заңдары бойынша сөйлейді, біз өз заңымыз бойынша сөйлеqміз.

Бірақ кейіннен ғарыш айлағында Қазақстан экологиялық кодексі бойынша жұмыс істейтін болып келістік. Қазір Қазақстанға тиісті өтемақы төлеуге байланысты келіссөздер жүргізілуде. «Ресей өтемақы төлей ме?» - деген сұрақ бұл жерде мүлдем болмауы тиіс», - деді ол журналистер алдында сөйлеген сөзінде.

Естеріңізге салайық, «Протон-М» зымыраны 2013 жылдың шілде айында Байқоңыр ғарыш айлағынан әуеге көтерілген бетте апатқа ұшыраған болатын.

Тағы оқыңыздар:

"Астана" өз алаңында израильдық "Маккаби" командасын ойсырата жеңді

Діни сенімі үшін әскери киімнен бас тартқан 18 жасар тәжік сарбазы сотталып кетті

Путин өзінің және басқа да лауазымды шенеуніктердің жалақысын қысқартып тастады

Танымал депутат адам өмірін құтқармаса да, туризмге қыруар қаржы бөлгендерге шүйлікті

Шымкент әкімі көлік қызметіне жауапты басшының суретін ақыры автобусқа іліп қойған (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1652866-resey-qazaqstanda-qulaghan-proton-m.html