RU

Қолы ұзын баланы шайтанға теңеген ауылдастары оны қоғамнан аластатып тастады (фото, видео)

Бангладеште белгісіз ауруға шалдыққан бес жасар баланы өзі тұратын елді-мекеннің адамдары қоғамнан аластатып тастаған деп жазады Life.ru. сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бес жастағы Таджбир Ахтардың қолы алты келіден асады. Баланың ата-анасының сөзінше, ауру белгілері бала туылғаннан кейін бірнеше айдан соң ғана шыға бастаған.

Олар жергілікті емханаға көмек сұрап барған, бірақ ештеңе жасай алмапты. Қазір бала ешкіммен араласпай өмір сүреді.

Ол мектепке бармайды, ешкіммен сөйлеспейді. Себебі жергілікті тұрғындар баланың ата–анасын қорқытқан.

Олар баланы «шайтанға» теңеп, қоғамнан алыстатып тастапты. Таджбирдің әкесі баласының қиналғанын көру жанына қатты бататынын айтады. Ол күні бойы жылап, қолына не болғанын сұрайды екен.

Шарасы таусылған ата–ана денсаулық министрлігіне барған. Бірақ олардан да ешқандай көмек ала алмапты.

Тағы оқыңыздар:

"Астана" өз алаңында израильдық "Маккаби" командасын ойсырата жеңді

Діни сенімі үшін әскери киімнен бас тартқан 18 жасар тәжік сарбазы сотталып кетті

Путин өзінің және басқа да лауазымды шенеуніктердің жалақысын қысқартып тастады

Танымал депутат адам өмірін құтқармаса да, туризмге қыруар қаржы бөлгендерге шүйлікті

Шымкент әкімі көлік қызметіне жауапты басшының суретін ақыры автобусқа іліп қойған (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1652918-qoly-uzyn-balany-shaytangha-tenhegen-auy.html