RU

Кішкентай кезінде оңбай күйіп қалған бойжеткеннің оқиғасы көпшілікті тебірентті (фото)

Ауғанстанның Фарах ауданында тұратын көпбалалы жанұядан шыққан Зубайда есімді қыз 2001 жылы қайғылы жағдайға тап болған. Тоғыз жастағы жасөспірім қыздырылған үй пешіне керосин құйып жатып оңбай күйіп қалады. Оның бетін, мойнын, кеудесін және қолдарын күйік шалған деп хабарлайды NUR.KZ. 

Өртті өшіріп болған соң жеткіншектің әкесі оны жақын жердегі ауруханаға алып барады. Ол жақта зардап шеккен қызға тек түрлі майлар ғана берген. Зубайданың жағдайы күн өткен сайын ауырлап бара жатқанын көрген әке емделу үшін Иранға бару туралы шешім қабылдайды.

Ол жақтағылар зардап шегуші қызды 20 күнге емханаға жатқызып, кейін шығарып жіберген. Дәрігерлер әкесіне ешқандай үміт жоқ екенін алға тартып, қызының өлетінін айтады.

Алайда Зубайдаға ажал келе қоймаған. Тірі қалған бойжеткен тіптен жантүршігерлік жағдайға түседі.

Бір жыл ішінде Зубайдаға жасалған 12 ота айтарлықтай нәтиже көрсеткен. Оның бет-әлпеті бұрынғы қалпына келмесе де, "құбыжық" кейпінен арылады.

Жеткіншек өмірінде алғаш рет Калабасастағы (Калифорния штаты) Round Meadow бастауыш мектебінің табалдырығын аттап, 12 апта бойы ағылшын тілін үйренді.

Ол психотерапия мен физиотерапиядан өтіп, мектептегі сыныптастарының арасынан көптеген тамаша достар тапқан.

Зубайда 2003 жылы 22 наурыз күні он бір жасқа толғанда ғана алғашқы туған күн кешін өткізді. Болашақта педиатр болуды армандайтын қыз өз елінің гүлденуіне үлес қосқысы келетінін айтады.

Көптеген қиындықты бастан кешірген Зубайданың денесі мен бетіндегі тыртықтар өмір бойы кетпейді. Бірақ онымен кездескен адамдардың барлығы бойжеткеннің қаншалықты әдемі әрі ашық-жарқын екеніне көз жеткізген.

Тағы оқыңыздар:

"Астана" өз алаңында израильдық "Маккаби" командасын ойсырата жеңді

Алматыда Lexus тізгіндеген жүргізуші әйел адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен

Ресей қазақ жеріне құлаған «Протон-М» зымыраны үшін өтемақы төлейтін болды

Қолы ұзын баланы шайтанға теңеген ауылдастары оны қоғамнан аластатып тастады (видео)

Шымкент әкімі көлік қызметіне жауапты басшының суретін ақыры автобусқа іліп қойған (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1653094-kishkentay-kezinde-onhbay-kuyip-qalghan.html