RU

Мамандар жайманың неліктен түгі қалмай жанып кететінін түсіндіріп берді

Кеспе шығарумен айналысатын өндірушілер желіде тараған жанып жатқан жайманың видеосы туралы өз пікірлерін айтты. Олардың айтуынша, кепкен ұн өнімдерінің бұлайша жанып кетуіне таңғалмаған жөн.

Сарапшылардың айтуынша, химия тұрғысынан жайманың жанып кетуі табиғи процесс. Оның жануы өнімнің сапасына еш әсер етпейтін көрінеді.

«Бірнеше жыл бұрын желіде танымал бренд печеньесінің отқа оранған видеолары тарап кеткен еді. Отандық және италиялық макарон брендтерін де неше рет жағып көріп, видеоға түсірген. Құрамында химиялық қоспалар бар деген атқа қалған. Кез келген макарон өнімдерін алыңыздар, олардың барлығы да жанып кетеді", - дейді «Кэмми Group» ЖШС компаниясының директоры Екатерина Хильчук.

Олардың бұл пікірін технолог маман Любовь Шевченко да қолдап отыр. Оның айтуынша, кеспенің негізгі компоненті ұн да белгілі бір жағдайларда жарылғыш қасиетке ие.

Сондықтан барлық макарон өнімдеріне жану қасиеті тән болады.

Шевченконың айтуынша, олардың жанып кетуі өнімнің сапасы нашар деген сөз емес.

«Етке арналған кеспені жасау үшін тұз, ұн, су және жұмыртқа қолданылады. Олардан басқа зиянды қоспалар пайдаланылмайды. Кеспе сапа мен қауіпсіздік талаптарына сай шығарылады", - деді Қазақ тамақтану академиясындағылар. 

Еске салсақ, бұған дейін желі қолданушылары бешбармаққа арналған қамырдың (жайма - ред.) қағаз сияқты жанатынын көрсететін видео таратқан болатын. Олардың айтуынша, мұндай жаймаларды сатып алғанша, қолдан жасаған қауіпсіз болмақ.

Тағы оқыңыздар:

"Астана" өз алаңында израильдық "Маккаби" командасын ойсырата жеңді

Діни сенімі үшін әскери киімнен бас тартқан 18 жасар тәжік сарбазы сотталып кетті

Путин өзінің және басқа да лауазымды шенеуніктердің жалақысын қысқартып тастады

Танымал депутат адам өмірін құтқармаса да, туризмге қыруар қаржы бөлгендерге шүйлікті

Шымкент әкімі көлік қызметіне жауапты басшының суретін ақыры автобусқа іліп қойған (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1653120-mamandar-zhaymanynh-nelikten-tugi-qalm.html