RU

Атышулы ерлі-зайыпты Храпуновтарға жаңа бір айып тағылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Алматы қаласы және Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен оның жұбайы Лейла Храпунова және басқаларға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазіргі таңда тергеу барысында жиналған айғақтар күдікті Храпуновтың 16.07.1997 жылғы Қылмыстық кодекстің 235-бабы (бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және жетекшілік ету), 177-бабы (алаяқтық), 193-бабы (заңсыз жолмен алынған ақша мен басқа да мүлікті заңдастыру), 307-бабы (лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану), 311-бабы (пара алу) бойынша әрекеттерін саралауға мүмкіндік берді.

Лейла Храпунованың Қылмыстық кодекстің 235-бабы (бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және жетекшілік ету), 177-бабы (алаяқтық) және 193-бабы (заңсыз жолмен алынған ақшаны және басқа да мүлікті заңдастыру) бойынша заңға қайшы әрекеттері сараланды.

Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінің 206-бабы 1-тармағына сәйкес, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде жарияланады. Күдікті немесе оның қорғаушысы келмеген жағдайда қаулы жиырма төрт сағат өткеннен кейін де жариялана береді.

Күдіктілер Храпунов пен Храпунованың Қазақстан аумағынан тыс жерде болуына және елге келмеуіне байланысты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық кодекстің 206-бабы 8-тармағын басшылыққа ала отырып, прокурордың рұқсатымен бұқаралық ақпарат құралдарында олардың қылмысы сараланғаны туралы хабарлама жариялайды.

Қаулыны жария етуге қатысу және қажетті тергеу амалдарын жүргізу үшін күдіктілер 2017 жылдың 24 қазанына дейін Астана қаласы, Сейфуллин, 37 мекенжайында орналасқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының әкімшілік ғимаратына келуі тиіс.

Тергеу амалдарына қатысу үшін күдікті өз еркімен қорғаушы шақыруға және қылмыстық істі жүргізетін органның қорғаушыны қатыстыруын қамтамасыз ету туралы өтініш беруге құқылы.

Егер қорғаушыны күдікті немесе оның заңды өкілдері шақырмаса, онда қылмыстық істі жүргізетін орган оның қатысуын қамтамасыз етеді.

Белгіленген уақытта келуге кедергі келтірген себептер болған жағдайда, күдікті немесе оның мүддесін қорғайтын тұлға бұл туралы құқық қорғау органдарына алдын ала хабар беруі тиіс.

Тағы оқыңыздар:

"Астана" өз алаңында израильдық "Маккаби" командасын ойсырата жеңді

Алматыда Lexus тізгіндеген жүргізуші әйел адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен

Ресей қазақ жеріне құлаған «Протон-М» зымыраны үшін өтемақы төлейтін болды

Қолы ұзын баланы шайтанға теңеген ауылдастары оны қоғамнан аластатып тастады (видео)

Шымкент әкімі көлік қызметіне жауапты басшының суретін ақыры автобусқа іліп қойған (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1653303-atyshuly-erli-zayypty-khrapunovtargha-zh.html