RU

Оқушылардан төрт мың теңге талап еткен "Нұр-Ақтөбе" мектебінде шу шықты

Ақтөбе қаласындағы № 60 мектептің ата-аналары биыл қосылған ақылы өтетін қосымша сабақтың бағасына көңілі толмайды. Аптасына екі рет өтетін бір пән үшін 4000 теңге төлеулері тиіс. Мектептегі білімнің қымбаттығын айтқан ата-аналар Aktobenews.kz тілшісінен көмек сұрады.

«Қосымша сабақтың ақылы болғаны қиын. Биыл мектепке келген баламды сауат ашу сабағынан қосымшаға беріп жүрміз. Қатарынан қалдырғымыз келмейді. Математика, сауат ашу, ағылшыннан қосымша сабақтар өтеді. Балаларымызды барлығына беруге ақшамыз көтермейді, несие бар. Шығынсыз білім алғанға не жетсін», — дейді №60 мектептің ата-анасы Бану Жұмағалиева.

Ата-аналар мектеп басшылығынан ақылы қосымша сабақ бағасын қайта қарауды сұрайды.

«Арзандау болғаны жақсы еді, кішкене төмендетсе деп ойлаймын, төрт мың теңге бір балаға көп ақша. Бірақ, қосымшаның мектепте болғаны жақсы. Апайлары баланың деңгейлерін біліп, соған сай тапсырмалар беріп отырады. Ата-ана үшін білім бағасының төмен, сапасының жоғары болғаны жақсы», - дейді Гүлнар Досниязова.

Қаладағы №60 мектеп әкімшілігі ата-аналардың сұрауымен 700-ден аса қосымша сабақ ашқан. Мектеп басшылығы мәселені қайта қарауға уәде берді.

«Оқу жоспарында қарастырылған үйірмелер ақысыз. Бірақ, ата-аналардың сұрауымен ақылы қосымша сабақ биылдан бастап өтіп жатыр. Бұл мемлекеттік стандарттан тыс болып табылады. Мектеп әкімшілігі ата-ананың арызы негізінде төлемді азайтуға мүмкіндік бар. Оны жалғыз өзім шеше алмаймын, педагогикалық кеңесте, мүмкін ертең сенбі күні ата-аналар жиналысын өткізгенде талқылармыз», —дейді №60 мектеп директоры Абзал Тәжімішев.

Тағы оқыңыздар:

"Астана" өз алаңында израильдық "Маккаби" командасын ойсырата жеңді

Алматыда Lexus тізгіндеген жүргізуші әйел адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен

Ресей қазақ жеріне құлаған «Протон-М» зымыраны үшін өтемақы төлейтін болды

Қолы ұзын баланы шайтанға теңеген ауылдастары оны қоғамнан аластатып тастады (видео)

Шымкент әкімі көлік қызметіне жауапты басшының суретін ақыры автобусқа іліп қойған (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1653321-oqushylardan-tort-mynh-tenhge-talap-etke.html