RU

Бабановтың сайлауда жеңіліп қалғанын көрген қырғыз қызы өксіп жылады

Қырғызстандағы президент сайлауында Бабановтың жеңіліп қалғанына қатты өкінген қырғыз қызы өкіріп тұрып жылап, желі қолданушыларының көңілін көтеріп тастады.

Видео Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде жарияланған. Жасы шамамен 7-8-дегі кішкентай қыз Бабановтың жеңілісіне қатты өкінген.

Ата-анасының айтқан сөзімен өзін жұбата алмаған ол Бабановты жақсы көретінін айтып, көз жасын төкті.

"Ол жас қой, ал мен кәрі президенттерді жақсы көрмеймін", - деп ашығын айтты ол.

Ал желі қолданушылары қыздың қылығына еріксіз күліп, көңілі көтеріліп қалды.

Еске сала кетейік, Омурбек Бабанов Қырғызстанда өткен президент сайлауына үміткерлердің бірі болып, бағын сынаған. Президенттік сайлауда Сооронбай Жээнбеков басым ұпаймен жеңіп шыққан.

Тағы оқыңыздар:

"Астана" өз алаңында израильдық "Маккаби" командасын ойсырата жеңді

Алматыда Lexus тізгіндеген жүргізуші әйел адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен

Ресей қазақ жеріне құлаған «Протон-М» зымыраны үшін өтемақы төлейтін болды

Қолы ұзын баланы шайтанға теңеген ауылдастары оны қоғамнан аластатып тастады (видео)

Шымкент әкімі көлік қызметіне жауапты басшының суретін ақыры автобусқа іліп қойған (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1653369-babanovtynh-saylauda-zhenhilip-qalghany.html