RU

"Бар-бар": Ерке Есмаханның атышулы әніне отандық әнші жауап берді (видео)

Серік Ибрагимов қаралым жағынан рекордтық көрсеткішке жеткен Ерке Есмаханның "Қайдасың" әніне жауап ретінде "Бар-бар" әнін шығарды. Әнші ол жерде Ерке сынды "жоғын" іздеген қыздарға елімізде лайықты жігіттердің көп екенін айтады. Аталған ән Instagam желісінде тарады.

"Ауылменен қала көшкен тегіміз,

Көшеменен дала өскен жеріміз.

Бабамыз қандай, баласы боламыз сондай.

Галактиға да барған Тоқтарлар,

Жігіттерім батыр алған көкпарлар,

Жұмып жанарды-ай, жүрсіңдер әлі таба алмай.

Алматыда бар-бар жұлдыз жігіттер,

Астанада бар-бар мың қыз үміткер.

Неге жоқ- жоқ, олар көп-көп таудай ірі тұлғалы

Ақтөбеде бар -бар арынды ұлдар,

Шымқалада бар- бар дарынды ұлдар..." деп айтады Серік әнінде.

Әнді тыңдаған желі қолданушылары "жоқ-жоқ" деп әндеткеннен де "бар -бар" деген жақсы екенін және әннің әдемі шыққанын айтты.

"Әлі тыңдаған жоқпын, өлеңнің атына ырза болдым. Өркенің өссін! Жоқтан гөрі " бар" сөзі жақсы ғой", "Жарайсың, Серік! Жақсы шыққан!", "Әдемі ән болыпты",- деп жазды олар.

Тағы оқыңыздар:

"Астана" өз алаңында израильдық "Маккаби" командасын ойсырата жеңді

Алматыда Lexus тізгіндеген жүргізуші әйел адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен

Ресей қазақ жеріне құлаған «Протон-М» зымыраны үшін өтемақы төлейтін болды

Қолы ұзын баланы шайтанға теңеген ауылдастары оны қоғамнан аластатып тастады (видео)

Шымкент әкімі көлік қызметіне жауапты басшының суретін ақыры автобусқа іліп қойған (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1653376-bar-bar-erke-esmakhannynh-atyshuly-anin.html