RU

Өмірімен қоштасқысы келген ақтөбелік бизнесмен газ бекетін жарып жібермек болды

Ақтөбеде танымал бизнесмен өз-өзіне қол салу үшін газ бекетін жарып жібермек болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Оқиға 13 қазанда Заводская көшесінде болған. Таңғы 5.20-да KNPS газ бекеті цистернасына «Тайота - Хайлюкс» көлігі келіп соғылды. Көлік тізгінінде 39 жастағы танымал кәсіпкер болған.

Абырой болғанда көліктің соғуынан газдың жарылмаған. Сол кезде ер адам пышақ алып шығып, тағы да өз-өзіне қол салмақ болады.

Зардап шеккен бизнесмен ауруханаға жеткізілді. Ер адамның неліктен өмірімен қош айтысқысы келгені әзірге белгісіз.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

"Біз оған ота жасадық. Қазір жағдайы бір қалыпты", - дейді Жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Арыстан Рахымжан.

Тағы оқыңыздар: 

Атышулы ерлі-зайыпты Храпуновтарға жаңа бір айып тағылды

Бабановтың сайлауда жеңіліп қалғанын көрген қырғыз қызы өксіп жылады

"Ит пен мысық атудан басқа түк бітірмеген" басшылар Әбдірахымовтан оңбай сөз естіді

Оқушылардан төрт мың теңге талап еткен "Нұр-Ақтөбе" мектебінде шу шықты

Мамандар жайманың неліктен түгі қалмай жанып кететінін түсіндіріп берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1653569-oz-omirimen-qoshtasqysy-kelgen-aqtobe.html