RU

Вице-министр: Төмен зейнетақы алып отырған адамдарға қатысты әділдік орнайды

Келесі жылдан бастап қазақстандықтарға базалық зейнетақы жинақтау жүйесіне қатысу өтіліне қарай беріледі деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл әдістің нәтижесінде 30-40 жыл еңбек өтілі болса да, төмен зейнетақы алып отырған адамдарға қатысты әділдік орнайды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова.

Вице-министрің атап өтуінше, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетін базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа тәсілін түсіндіру бойынша белсенді жұмыс атқарып жатыр.

"Қазіргі уақытта базалық зейнетақы зейнет жасына жеткендерге бәріне бірдей еңбек өтілін және зейнетақы жинағын қалыптастыруға қатысуды ескерусіз тағайындалады. Келесі жылдан базалық зейнетақы жүйеге қатысу өтіліне қарай берілетіні көзделуде. Осы орайда 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы жарналарының түсу аралығы ғана есептілініп қоймай, 1998 жылға дейінгі де еңбек өтілі назарға алынатыны болжануда", — деп түсіндірді Светлана Жақыпова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Айтуынша, мұндай әдіс 30-40 жыл еңбек өтілі болса да, төмен зейнетақы алып отырған адамдарға қатысты әділдік орнатады.

1998 жылға дейін және одан кейін де 33 жылдан асатын еңбек өтілі бар адамдарға базалық зейнетақы қазіргі мөлшермен салыстырғанда екі есеге көбейеді. Егер бұл сома қазір 14 мың теңгені көрсетсе, 2018 жылдың 1 шілдесінен зейнеткерлердің аталған тобы ынтымақты және жинақтаушы зейнетақыны қоса алғанда 28 мың теңге алады.

Тағы оқыңыздар: 

Өмірімен қоштасқысы келген ақтөбелік бизнесмен газ бекетін жарып жібермек болды

Маңғыстау облысында сот төрағасы жол апатынан қаза тапты

Шымкентте көршісінің 16 жастағы ұлын зорламақ болған тұрғын ұсталды

Әйелдердің әдепсіздігіне күйінген епископ шіркеуін мешітке айналдырып тастады (фото)

Әп-сәтте өзгеріп кеткен Баян Есентаеваны желі қолданушылары танымай қалды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1653802-vice-ministr-tomen-zeynetaqy-alyp-oty.html