RU

Назарбаевтан сөгіс естіген Бозымбаев сыйақыдан қағылуы мүмкін

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мемлекет басшысының жариялаған сөгісінен кейін сыйақыдан қағылуы мүмкін деп хабарлайды президент әкімшілігінің өкілдеріне сілтеме жасаған Tengrinews.kz.

Әкімшілік өкілдері министрді жұмыстан шығарып, қызметтен шеттетпейтінін айтады. Алайда министрге қатысты қандай да бір санкциялар қолданылады екен.

"2001 жылдың 29 тамызындағы мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы №1127 құжатқа сәйкес, оның алып тасталмаған тәртіптік жазасының бар болуына байланысты, сыйақы берілмейді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Еске салайық, Назарбаев 11 қазанда Энергетика министрі Бозымбаевқа сөгіс жариялаған еді. Кейін елбасы сөгіс жариялаудың қызметтен босатылғанмен бірдей екенін ескерткен еді.

Тағы оқыңыздар: 

Өмірімен қоштасқысы келген ақтөбелік бизнесмен газ бекетін жарып жібермек болды

Маңғыстау облысында сот төрағасы жол апатынан қаза тапты

Шымкентте көршісінің 16 жастағы ұлын зорламақ болған тұрғын ұсталды

Әйелдердің әдепсіздігіне күйінген епископ шіркеуін мешітке айналдырып тастады (фото)

Әп-сәтте өзгеріп кеткен Баян Есентаеваны желі қолданушылары танымай қалды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1653860-nazarbaevtan-sogis-estigen-bozymbae.html