RU

Ғалымдар: Қоғамдық көлікте қарттарға орын бермеген абзал

Ұлыбританиялық ғалымдар тобы ел естімеген ерекше зерттеу мақаласын жариялады. Олар бұл еңбектерінде қоғамдық көліктерде егде жастағы адамдарға орын бермеуге кеңес берген деп хабарлайды massaget.kz.

British Medical Journal журналында жарияланған мақалада ғалымдар қарт адамдардың физикалық белсенділігі жайлы жазған.

Хирург-ортопед Скартелтт МакНелли мен оның әріптестері қартаюдың басты себебі физикалық белсенділіктің аздығы деп санайды.

Үнемі жаттығу жасау арқылы қартаюдың алдын алып, ширақ жүруге жол ашуға болады дейді.

"Біз қартайған шақта демалуға кеңес бермей, белсенділікті арттыруымыз қажет. Автобуста немесе пойызда кетіп бара жатқанда қарт адамға орын беруден бұрын жақсылап ойланып алыңыз. Олар үшін тұрып тұру - жақсы жаттығу", - дейді профессор Муир Грэй.

"Көптеген ауру адамның жасына емес, белсенділігінің азаюына байланысты. Көбірек жаттықсақ - сол тиімді іс болады", - дейді Скартелтт МакНелли.

Оның айтуынша, стационарда емделіп жатқан адамдардың өзі серуендеп қайтуға немесе дәлізде жүруге уақыт табуы керек. Скартелтт МакНелли мен оның әріптестері қоғамның егде жастағы адамдарға көбірек белсенді өмір сүруі үшін мүмкіндік жасауы керектігін айтады.

Тағы оқыңыздар: 

Өмірімен қоштасқысы келген ақтөбелік бизнесмен газ бекетін жарып жібермек болды

Маңғыстау облысында сот төрағасы жол апатынан қаза тапты

Шымкентте көршісінің 16 жастағы ұлын зорламақ болған тұрғын ұсталды

Әйелдердің әдепсіздігіне күйінген епископ шіркеуін мешітке айналдырып тастады (фото)

Әп-сәтте өзгеріп кеткен Баян Есентаеваны желі қолданушылары танымай қалды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1653961-ghalymdar-qoghamdyq-kolikte-qarttargha.html