RU
Роза Рымбаева өзі оқыған мектепке бір миллион теңге аударды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Роза Рымбаева өзі оқыған мектепке бір миллион теңге аударды

Расказать Вконтакте

Қазақстанның халық əртісі, белгілі əнші Роза Рымбаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстанда бастау алған «Менің мектебім» жобасына өзіндік үнін қосты. Атақты әнші өзі оқыған мектебіне 1 миллион теңге аударды деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Агенттігі.

Роза Рымбаева өзі оқыған мектепке бір миллион теңге аударды

Роза Рымбаева. Фото: Интернет желісінен

Еске сала кетейік, бүгін Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының барлық кәсіпкерлері бас қосқан «Туған жер» атты ауқымды форум болып өткен болатын. Аймақ басшысы Даниал Ахметов шара барысында Шығыс Қазақстанның кәсіпкерлері өңірдің дамуына зор үлестерін қосып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Менің мектебім» атты жобаға белсене атсалысқанын тілге тиек етті.

Даниал Ахметовтың айтуынша, осы жоба арқылы аймақтағы барлық мектепті заманның озық биология, химия, физика және робототехника кабинеттерімен жабдықтау көзделген. «Өңірдегі барлық білім ордалары Назарбаев Зияткерлік мектебінен кем болмауы керек», - дейді аймақ басшысы.

Кәсіпкерлер аймақ басшысының бастамасына қолдау білдіріп отыр. Олармен бірге игі жобаға әнші Роза Рымбаева да үн қосып, өзі түлеп ұшқан білім ордасына 1 миллион теңге аударды. Кəсіпкерлер мен танымал тұлғалар тарапынан жиналған қаражат «Парыз» атты облыстық қорға аударылып, сол қордан өңірдегі мектептерге бағытталмақ. Айта кетерлігі бүгінгі күнге дейін «Менің мектебім» жобасына 2 млрд 300 млн теңге жиналған.

Тағы оқыңыздар: 

Өмірімен қоштасқысы келген ақтөбелік бизнесмен газ бекетін жарып жібермек болды

Маңғыстау облысында сот төрағасы жол апатынан қаза тапты

Шымкентте көршісінің 16 жастағы ұлын зорламақ болған тұрғын ұсталды

Әйелдердің әдепсіздігіне күйінген епископ шіркеуін мешітке айналдырып тастады (фото)

Әп-сәтте өзгеріп кеткен Баян Есентаеваны желі қолданушылары танымай қалды (фото)

 

 

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
3
2
6
4
2
38
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір