RU

Алты сағат көршісінің бассейнінде отырған қарт жұбайлар өрттен аман қалды

Солтүстік Калифорнияда орын алған жаппай орман өрті кезінде жұбайлар көршілерінің бассейінде алты сағат отырып, өлімнен аман қалды деп жазады telegraph.co.uk.

Джен және Джон бүкіл ауданды жайлаған өрт салдарынан өз үйлерінде тұтқынға айналған. 65 жастағы Джен мен 70 жастағы Джонды қоқысқа толы көршілерінің бассейні құтқарып қалады.

Олар бассейнде өмірлерін сақтау үшін отырдық дейді. Жұбайлар көліктерімен өртке оранған аймақтан шыға алмаған. Олар ара-арасында қоқыс басқан бассейн суынан бастарын шығарып, ауа жұтып тұрған.

Джен күйеуі екеуі ұйықтап қалмас үшін бір-бірінің арқасына сүйеніп тұрғандарын айтады. Осылайша қартайған жұп бассейнде алты сағат тұрады.

Олар бассейіннен шыққанда айналаның бәрі күлге айналған. Көршінің үйі түгі қалмай жанып кеткен.

Солтүстік Калифорниядағы алапат өрттен 31 адам көз жұмды.

Тағы оқыңыздар: 

Өмірімен қоштасқысы келген ақтөбелік бизнесмен газ бекетін жарып жібермек болды

Маңғыстау облысында сот төрағасы жол апатынан қаза тапты

Шымкентте көршісінің 16 жастағы ұлын зорламақ болған тұрғын ұсталды

Әйелдердің әдепсіздігіне күйінген епископ шіркеуін мешітке айналдырып тастады (фото)

Әп-сәтте өзгеріп кеткен Баян Есентаеваны желі қолданушылары танымай қалды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1654062-alty-saghat-korshisininh-basseyninde-ot.html