RU

Талайды сан соқтырған баукеспе ұрыларды шымкенттік судья мектепте соттады (фото)

10 дерек бойынша істі болған екі азаматқа халық алдында үкім шықты. Қаратау ауданының тұрғындарына миллиондаған шығын келтірген ұрлықшылар жәбірленушілерден кешірім сұрап, жазаға тартылды деп хабарлайды TVK арнасы.

Көшпелі сот отырысын мектептердің бірінде өткізген Қаратау аудандық соты қос азаматты бас бостандығынан айырды.

Өз көршілерінің бағалы заттарын тонаған екі азаматтың бірі 1994 жылы туылған Ерлан Атамбеков. Ал сыбайласы - 25 жастағы Дархан Түктібаев. Бұл екеуі келісе отырып, Қаратау ауданына қарасты бірқатар үйлерге ұрлыққа түсіп, қолды болған заттарды төмен бағада сатып отырған. Түскен қаржыны өз қажеттіліктеріне жаратыпты.

Айта кету керек, екі сотталушы да бұған дейін істі болған екен. Мәселен, Дархан өзге біреуге жарақат салғаны үшін шартты түрде сотты болса, екіншісі ұрлық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Талай жұртты сан соқтырған азаматтар қателігін енді түсінсе керек, халық алдында кешірім сұрап, істеген қылмыстары үшін өкінетінін жеткізді. Сондай ақ, бұған дейін ұрланған заттарын иелеріне қайтарып, кешірімін алған.

Осыған байланысты, оларға 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұған дейін де, Қаратау аудандық соты 6 рет көшпелі сот отырысын өткізіп, сотталушыларға жаза тағайындаған. Мәселен, тәртіп сақшысы пара алғаны үшін әріптестерінің алдында сотты болған.

Тағы оқыңыздар: 

Семейде жас жігіт әкесін балғамен ұрып өлтірді

Шымкентте қоқыстан нәрестенің өлі денесі табылды

Роза Рымбаева өзі оқыған мектепке бір миллион теңге аударды

Кісі өліміне қатысы бар деп айыпталған атышулы экс-судья ақталып шықты

Головкин зілзаладан зардап шеккен мексикалықтарға 50 мың доллар аударған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1654093-talaydy-zhylatyp-ketken-baukespe-uryl.html