RU

Талдықорғанда бес жігіт жабылып ұрып кеткен азаматтың анасы әділдік іздеп шырылдап жүр

Талдықорғанда жалғызбасты ана әділдік іздеп шырылдап жүр. Тұрсынай Байгисинованың айтуынша, оның ұлын бес азамат жабылып ұрып, атып кеткен. Қазір 1985 жылғы Асыл есімді жігіт жансақтау бөлімінде. Ал қылмыскерлер әлі ұсталмапты.

Жалғызбасты ана жанқайын қалай жеткізерін білмейді. Оқиғаның болғанына бес күн өтіпті. Алайда қылмыскерлер әлі бостандықта жүр екен. Тіпті екеуін өздері ұстап, құзырлы органның қолына тапсырса да, оларды босатып жіберіпті.

"Егер Асыл арыз жазбаса, сіздің сөзіңіз сөз емес дейді. Өйткені ол 18-ге толмаған бала емес, асып кеткен бала ғой дейді. Оның өзінің жауабы керек дейді. Ал ол қалай түсінік береді? Ал ол тұрмаса ше, балама бірдеңе болса ше, қазір басын үш оқ қинап тұр", - дейді зардап шегуші Асылдың анасы.

Баланың басында бытыраның үш оғы бар деген ана қылмыскерлер Асылды қасақана өлтірмек болғанын айтады. Себебі, олар Асылды үйінің алдында күтіп алып, ұрып-соғып, оған оқ жаудырғанға ұқсайды. Ал бұл жайтқа осыдан бір ай бұрын Асыл мен Ержан арасындағы кикілжің себеп болуы мүмкін.

"Аталған оқиға бойынша кісі өлтіруге оқталу фактісіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, осы оқиғаның куәгерлері анықталып, олардан жауап алынды. Қазіргі кезде күдікті ретінде екі тұлға анықталып, оларды ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - дейді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің бас маманы Жанар Төлегенқызы.

Қылмыскерлердің бірі ауқатты отбасының баласы деген ана іс бұрмаланып кетеді ме деп алаңдаулы.

"Бостандықта жүрген қылмыскерлер қалған екі ұлыма қасақана іс жасап кетеді ме деп үреймен өмір сүріп жатырмын", - дейді шарасыз ана.

Тағы оқыңыздар: 

Роза Рымбаева өзі оқыған мектепке бір миллион теңге аударды

Головкин зілзаладан зардап шеккен мексикалықтарға 50 мың доллар аударған

Арақ-шараптан түгелдей бас тартқан ауылдың тіршілігі туралы не білеміз? (фото)

Ақтөбелік дәрігерлер ауыр халдегі жігітке әкесінің жанайқайынан кейін ғана көңіл бөлді

Талайды жылатып кеткен баукеспе ұрыларды шымкенттік судья мектепте соттады (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1654119-taldyqorghanda-bes-zhigit-zhabylyp-uryp.html