RU

Оралда 14 жастағы жеткіншек өзімен бірге балық аулауға барған құрдасын атып өлтірген

Оралда балық аулауға барған 14 жастағы мектеп оқушыларының біреуі өз құрдасын тапаншамен атып өлтірген деп хабарлайды mgorod.kz басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қайғылы оқиға 20 қазан күні сағат 18.00 шамасында болған. Деркүл ауылында тұратын жеткіншектер сабақтан соң өзеннен балық аулауға шығып кетіпті. Кейін оқушылардың біреуі тапаншамен оқ атып, жанындағы жолдасын жаралаған.

Орал қаласы Ішкі істер бөлімінің аға инспекторы Динара Абдулқалықованың айтуынша, адам өліміне 14 жастағы бала күдіктеліп отыр.

«Екі ұл бала да 2003 жылы туылған. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 104-бабы «Абайсызда қайтыс болу» бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп түсіндірді аға инспектор.

Белгілі болғандай, күдікті мен қаза тапқан жеткіншектер - № 12 мектептің оқушылары.

№12 мектептің директоры Күләш Хайранованың айтуынша, 20 қазанда екі бала да мектепте болып, сабаққа қатысқан.

"Мектептен кейін олар үйлерінен балық аулауға сұранып, үшеуі бірге өзенге барыпты. Олардың арасында не болғаны белгісіз. Мектептегі екі оқушының да мінездемесі жақсы болған", - дейді директор.

Зардап шеккен оқушы облыстық клиникалық ауруханада көз жұмған.

Тағы оқыңыздар: 

Головкин зілзаладан зардап шеккен мексикалықтарға 50 мың доллар аударған

Арақ-шараптан түгелдей бас тартқан ауылдың тіршілігі туралы не білеміз? (фото)

Астанада шу шығарған ата-аналар жұмыстан қуылған ұстазды қайтаруды талап етуде

Ақтөбелік дәрігерлер ауыр халдегі жігітке әкесінің жанайқайынан кейін ғана көңіл бөлді

Талдықорғанда бес жігіт жабылып ұрып кеткен азаматтың анасы әділдік іздеп шырылдап жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1654204-oralda-14-zhastaghy-zhetkinshek-ozimen-birg.html