RU

Сәбиін еденге атып ұрған келіншекті енесі тура сот залында балағаттап тастады

Жеті айлық сəбиін еденге атып ұрған келіншекке қатысты сот процесі қып-қызыл жанжалға ұласты. Марина Тюменцеваға қарсы куəлік етуге келген енесі оны тура сот табалдырығында балағаттап, ұлы екеуінің шиеттей балаларды бұрыннан ұрып жүргендерін мәлімдеді.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Естеріңізге салсақ, 28 жастағы Марина Тюменцеваның әрекеті күллі ғаламторды шулатқан болатын. Жылап қоймаған перзентін аса қатігездікпен жазалаған әйел шақалақты бар күшімен жерге лақтырып жіберген. Алайда, кейін кешірім сұрап, соттың алдында жылаған болатын.

Кеше куəгерлерден жауап алынып, артынша үкім шығуы тиіс болған. Қарсы тарап - енесі мен күйеуі. Қабағы қатулы шыққан ер адам ашуын журналистерден алды. Көп ұзамай екеуі сот маңынан қарасын батырды.

Ең соңғы боп Тюменцеваның өзі шықты. Бірақ, оны асыға тосқан тілшілер тосылып қалды. Өйткені күні кеше ғана ашылып сөйлеген əйел бүгін мүлде үнсіз. Сұхбат беруден бас тартты. Ал үкім кейінге қалған.

Анасынан оңбай таяқ жеген 7 айлық Ирада мен оның 5 жастағы əпкесі Таисаның тағдыры бес күннен кейін белгілі болады. Баласына аса қатігездік танытқан анаға үкім сол кезде шығады.

Тағы оқыңыздар: 

Небәрі бір аптаға жететін бензин қалғанын естіген шымкенттіктер әбігерге түсті

Головкин зілзаладан зардап шеккен мексикалықтарға елу мың доллар аударған

Арақ-шараптан түгелдей бас тартқан ауылдың тіршілігі туралы не білеміз? (фото)

Оралда 14 жастағы жеткіншек өзімен бірге балық аулауға барған құрдасын атып өлтірген

Талдықорғанда бес жігіт жабылып ұрып кеткен азаматтың анасы әділдік іздеп шырылдап жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1654238-sabiin-edenge-atyp-urghan-kelinshekti-e.html