RU

Қонақ үйдегі аквариумнан балық ұрлаған ақтаулық азаматтың масқарасы шықты

Ақтауда ер адам аквариумдағы бір метрлік балықты ұрлады деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам Ақтау қаласындағы үлкен аквариумы бар «Caspian Riviera Grand Palace» қонақ үйіне ұрлыққа түседі. Белгілі болғандай, ол жігіт осы қонақүйдің бұрынғы қызметкері екен.

Қонақ үйдің директоры Раушан Хамитованың айтуынша, олар ер адамды бұрын осы жерде жұмыс істегенінен танып қойған.

Видеодан көрінгендей, ер адам қонақ үйге кірген соң, аквариумның әйнегін ашып, қолымен бір метрлік балықты алып шығады. Сөйтіп, олжасын алып сыртқа беттеген.

Бірақ ұры алысқа қашып үлгермеген екен. Ұрлыққа түскен жігітті күзетшілер ұстап алып, балықты қонақ үйге қайтарған.

Қонақ үйдің директоры осы фактіге қатысты ешқандай арыз жазбағанын айтады. Себебі ұрлықтың жолы кесіліп, балық аквариумге қайтадан жіберілген.

Тағы оқыңыздар: 

Қостанайда көлік жуушылар BMW айдап әкетіп, тас-талқанын шығарған

Путин Назарбаевты екі ел қарым-қатынасының 25 жылдығымен құттықтады

Арақ-шараптан түгелдей бас тартқан ауылдың тіршілігі туралы не білеміз? (фото)

Оралда 14 жастағы жеткіншек өзімен бірге балық аулауға барған құрдасын атып өлтірген

Талдықорғанда бес жігіт жабылып ұрып кеткен азаматтың анасы әділдік іздеп шырылдап жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1654246-qonaq-uydegi-akvariumnan-balyq-urlagh.html