RU

Құлсарыда көшеде тыр жалаңаш жүрген ер адам ұсталды

Атырау облысының Құлсары қаласында көшеде тыр жалаңаш жүрген ер адам ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат Агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Жылыой ауданы Құлсары қаласында көшеде ер адам тыр жалаңаш жүрген сәт түсірілген видео бүгін әлеуметтік желіге тарап кетті. Желі қолданушылары бұл оқиғаға ашуланып, ер адамды тауып, жазалауын талап етті.

«Жалаңаш жүрген ер адамның кім екені анықталды. Ол 1988 жылы туған көрші Батыс Қазақстан облысының тұрғыны. Қазір ол ұсталды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Тергеуден соң іс сотқа жолданады. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін оған айыппұл төлеу не тұтқынға алыну жазасы тағайындалуы мүмкін. Оны сот шешеді», - деп хабарлады Атырау облысы бойынша ІІД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыздар: 

Небәрі бір аптаға жететін бензин қалғанын естіген шымкенттіктер әбігерге түсті

Головкин зілзаладан зардап шеккен мексикалықтарға елу мың доллар аударған

Арақ-шараптан түгелдей бас тартқан ауылдың тіршілігі туралы не білеміз? (фото)

Оралда 14 жастағы жеткіншек өзімен бірге балық аулауға барған құрдасын атып өлтірген

Талдықорғанда бес жігіт жабылып ұрып кеткен азаматтың анасы әділдік іздеп шырылдап жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1654365-atyrau-oblysynda-koshede-tyr-zhalanhash-zh.html