RU
Айқын: Жеке өміріме ешкімнің араласпауын сұраймын
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айқын: Жеке өміріме ешкімнің араласпауын сұраймын

Расказать Вконтакте

Бүгінде Айқынның әр жазбасын жіті қадағалап отыратын әлеуметтік желі оқырмандары әншіні кінәлауды әдетке айналдырған. Тіпті, кейбірі Төлепбергенге жағымсыз пікірлер жазып, жеке өмірін жариялауды талап ететін көрінеді. НТК арнасына сұхбат берген әнші көпшіліктен жеке өміріне араласпауды өтінді.

Айқын: Жеке өміріме ешкімнің араласпауын сұраймын

Айқын. Фото: Интернет желісінен

"Жеке өміріме ешкімнің араласпауын сұраймын. Себебі оның аты «жеке өмір»! Не істеймін, әйтеуір бір айтарым бала-шағам бәрі аман есен бәрі жақсы, әке-шешем бәрі қасымда. Бәрі күшті, бәрі жақсы! «Счастье любить тишину» дейді орыстар. Отыз мың лүпіл тұрады да, ішінде бір 100 пікір жазылады. 100 пікірдің ішінде әйтеуір бес-алтауы тиісіп, тырнақ астынан кір іздеп жатады. Егер мен бүкіл танымайтын адамдардың бәріне жауап жазып кетсем, бар уақытымды инстаграмда өткізуші едім",- дейді әнші.

Иә, бүгінде Айқынның әр постын 1 миллион 800 мың адам оқиды екен. Алайда, бұл парақша менің жеке өмірімдегі емес, шығармашылығымдағы жаңалықтарды жариялауға арналған, дейді әнші.

"Менің өзімнің жеке өмірім бар. Менің уақытым жоқ, мыналар не істеп жатыр екен деп, біліп, сұрап, оларға пікір жазу маған қызық емес. Сондықтан, біреудің жеке өміріне араласатын адамның өзінің жеке өмірі жоқ деген сөз!",- деді жеке өміріне қатысты жағымсыз пікірлерден мезі болған Айқын.

Сондықтан, желіде қисынсыз сауалдарды жолдап, қытығына тигендерге Төлепбергеннің үлкен өтініші бар. Бұдан былай жеке басына тіл тигізбеуді сұрайды.

Тағы оқыңыздар: 

Небәрі бір аптаға жететін бензин қалғанын естіген шымкенттіктер әбігерге түсті

Головкин зілзаладан зардап шеккен мексикалықтарға елу мың доллар аударған

Арақ-шараптан түгелдей бас тартқан ауылдың тіршілігі туралы не білеміз? (фото)

Оралда 14 жастағы жеткіншек өзімен бірге балық аулауға барған құрдасын атып өлтірген

Талдықорғанда бес жігіт жабылып ұрып кеткен азаматтың анасы әділдік іздеп шырылдап жүр

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
20
11
8
4
6
8
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір