RU
Өнердегі аға буынға өкпе-назын білдірген жас әнші Мақпал Жүнісованың ашуына тиді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Өнердегі аға буынға өкпе-назын білдірген жас әнші Мақпал Жүнісованың ашуына тиді

Расказать Вконтакте

Мархаба Сәби соңғы посттарының бірінде, аға буынға өкпе-ренішін білдірген. Әнші бұл жазбасында отандық эстрадада жаңашылдықтың жоқтығын тілге тиек етіпті. Алайда, өнер иесінің бұл пікірі халық әртісі Мақпал Жүнісованың ашуына тиді деп хабарлайды НТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өнердегі аға буынға өкпе-назын білдірген жас әнші Мақпал Жүнісованың ашуына тиді

Мақпал Жүнісова. Фото: instagram

Мархаба желідегі атышулы жазбасында: «Осы біз, алдыңғы ұрпақ өкілдерін керемет деп қабылдап, шын-өтірігі аралас әйтеуір мақтап, пір тұтуға құмармыз. Шындығы сол, түк бітірмей, атақтың, қалтасының қамымен жүре беріпті. Бір жоғары деңгейде ерекше дүние жасайыншы деп бас қатырмапты», - дейді әнші.

Ал, бұл пікірге Мақпал Жүнісованың өз айтары бар.

«Бізге тиіп жатқан шығар ол сөз. Бізді ештеңе жасамады деп ойласа, бізге «Халық әртісін» бекер берген жоқ. Мемлекеттік сыйлықты бекер берген жоқ. Біздің архивті ақтарсын. Қаншама жылда, қаншама ән айтылды. Қаншама гастрөлдік сапарларға бардық»,- деді Мақпал Жүнісова.

Халық әртісі, жас әншінің шығармашылығынан азды-кем хабары барын айтады. Бірақ, Мархабаның орындауына деген махаббаты ояна қоймаған.

Өнердегі аға буынға өкпе-назын білдірген жас әнші Мақпал Жүнісованың ашуына тиді

Мархаба Сәби. Фото: Интернет желісінен

«Мен бір әнін білемін. «Ұнайсың маған, ұнайсың маған...» дегенді қайта-қайта көп береді. Қатты менің жүрегімді тебірентсе, менің оның әндерін тыңдар едім. Ол мені тебіренткен жоқ. Мен оны тыңдамаймын»,- деді Жүнісова.

Өнер өлкесіндегілерге өкпесін айтқан Мархаба, бұл жазбасын «Өтірік, Бәке, Сәке деген көлгірсу сыйластықпен, қай ұшпаққа шығар екенбіз», - деп қорытындылаған. Сондай-ақ отандық эстрадаға «Орда» тобының ғана дүмпу әкелгенін айтыпты. Алайда, жас әншінің шулы жазбасына қаһарланған тек Халық әртісі ғана болмай шықты.

«Керемет жұлдыз болса, керемет халықтың көңілінен шығып, керемет қазақ өнеріне жақсы дүниелер қалдырып жатса, біздің қасымызда жүрмей ме, есімізде болмай ма?»,- дейді Шахизада.

Алайда, Мархаба бұл тақырыпқа қатысты пікір білдіруден бас тартты. Тіпті, парақшасындағы постты да өшіріп үлгерген. Алдағы уақытта, жас әнші бұл жазбасының нақты кімдерге бағытталғанын айтып, мардымды жауабын бере жатар.

Тағы оқыңыздар: 

Небәрі бір аптаға жететін бензин қалғанын естіген шымкенттіктер әбігерге түсті

Головкин зілзаладан зардап шеккен мексикалықтарға елу мың доллар аударған

Арақ-шараптан түгелдей бас тартқан ауылдың тіршілігі туралы не білеміз? (фото)

Оралда 14 жастағы жеткіншек өзімен бірге балық аулауға барған құрдасын атып өлтірген

Талдықорғанда бес жігіт жабылып ұрып кеткен азаматтың анасы әділдік іздеп шырылдап жүр

 

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
26
9
9
8
2
37
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір