RU

Тоғыз жастағы оқушы қыз мұсылман әйелдерді төмендеткен премьер-министрге жауап берді

Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмеронға мұсылман әйелдері туралы жаңсақ мәлімдеме жасағанын білдіру мақсатында 9 жастағы бастауыш сынып оқушысы Садия Рахмен мектепке шариғат шәлісін жамылып келген деп жазады Islam.kz.

Дэвид Кэмерон өткен жылы елдегі мұсылман әйелдердің дені ағылшын тілін білмейтінін, ағылшын қоғамына бейімделуге құлықсыздық танытатынын, тағы басқа дүниелерді сынға алған болатын.

Премьер-министрдің бұл сөзімен келіспейтінін білдіру үшін Садия қолына қалам алып, мәлімдеме авторына хат жолдайды. Ол өзінің хатында ана тілі - урду тілінде сөйлесе де бұл оған өзге салаларда қабілетін көрсетуге кедергі келтірмейтінін баяндаған.

"Оқу меңгерушісі бізден не болғанын сұрады, мен оған оның өзінің жеке шаруасы екенін айтып жауап бердім. Ол "бұл менің шешімім, менің өмірім, олардың түк қатысы жоқ, қалай істегім келеді, солай істеймін" деп айтты. Мен оны мақтан тұтамын",- деді қыздың әкесі Хазик Рахмен.

Тағы оқыңыздар: 

Қостанайда көлік жуушылар BMW айдап әкетіп, тас-талқанын шығарған

Еліміздің кей өңірлерінде қар аралас жаңбыр мен 8 градусқа дейін аяз күтіледі

Теміртауда күйеуін пышақтап өлтірген 40 жастағы әйел абақтыда асылып қалды

Қонақ үйдегі аквариумнан балық ұрлаған ақтаулық азаматтың масқарасы шықты

Жақияновтың чемпиондық белдігін тартып алған британдық боксшы ауруханаға жеткізілген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1654713-toghyz-zhastaghy-mektep-oqushysy-musylma.html