RU

"Атымтай Жомарт" атанған ақтөбелік танымал депутат алаяқтық жасағаны үшін ұсталды

Ақтөбеде облыстық мәслихат депутаты қамауға алынды. Бақытжан Ержановқа ірі көлемді алаяқтық жасады және билік өкіліне күш көрсетті деген айып тағылып отыр деп хабарлады КТК арнасы.

Аймақтың "Атымтай Жомарты" атанған азаматтың бұлай басы іске шатылып жатқанына көпшілік аң-таң. Өйткені тасқыннан кейін мүгедектерге үй алып беріп, үш бірдей ауданның елді мекендеріне өз ақшасына спорт аулаларын салып берген.

Ақтөбедегі кигбоксинг федерациясын басқарған ол депутаттық мандатқа осыдан екі жыл бұрын ие болған еді. Енді тергеушілер халық қалаулысына ауыл шаруашылығы саласына бөлінген субсидиядан ақша жеді деп отыр. Сондай-ақ, тұтқындауға барған тәртіп сақшысына қол көтеріпті.

Енді Бақытжан Ержанов тергеу аяқталғанша абақтыда отырады.

"Хромтау аудандық сотының 2017 жылдың 19 қазандағы қаулысымен Б.У.Ержановқа қатысты өтінішхат қанағаттандырылып, 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - деді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Анар Айтжанова.

Тағы оқыңыздар: 

Еліміздің кей өңірлерінде қар аралас жаңбыр мен 8 градусқа дейін аяз күтіледі

Теміртауда күйеуін пышақтап өлтірген 40 жастағы әйел абақтыда асылып қалды

Қонақ үйдегі аквариумнан балық ұрлаған ақтаулық азаматтың масқарасы шықты

Тоғыз жастағы оқушы мұсылман әйелдерді төмендеткен премьер-министрге жауап берді

Жақияновтың чемпиондық белдігін тартып алған британдық боксшы ауруханаға жеткізілген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1654736-atymtay-zhomart-atanghan-aqtobelik-tan.html