RU

Танымал нумеролог: Айқынға ұл туып берген жас әнші туралы елдің бәрі біледі

31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында ресейлік танымал нумеролог Клара Күзденбаева Айқынның өміріне өз болжамын жасап, әншінің болашақта «үш рет үйленуі мүмкін» екенін айтқан. YouTube желісінде бір күнде жүз мың қаралым жинаған видеоны көрген Айқын бағдарлама авторларына шүйлігіп, қоқан-лоққы көрсеткен. Бұл туралы танымал нумеролог Клара Күзденбаева time.kz сайтына берген сұхбатында айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Эфирден кейін бағдарламаны желіге жүктеп, ол бір күнде жүз мыңдай қаралымға жеткен. Кейіннен оны YouTube желісінен Айқын қарсылық білдірген соң алып тастады. Оның тарапынан бағдарлама авторларына қатысты қорқытулар мен түрлі намысқа тиетін сөздер айтылған. Мен одан мұндайды күтпеген едім. Не сұмдық?! Меніңше, Қазақстанда оған ұл туып берген әйелдің бар екенін бәрі біледі. Тіпті Мәскеуде тұрып жатқан менің өзім жаңалықтардан Айқынның сүйіктісімен мешітте неке қидырғанын естідім",- деді ол.

Нумеролог Айқынның жеке өміріне келгенде батылдық таныта алмағанына өкінішін жеткізді.

"Ол енді жеке өмірін талқыға салғандарға қарсылық білдіруде. Біз онымен таныспыз, ол әрдайым маған тартымды болып көрінетін. Күтпеген жерден мына жағдайда батылсыздық танытқаны өкінішті!",- деді Күзденбаева.

Еске салсақ, бұдан бірнеше күн бұрын «Айта берсін» бағдарламасында Клара Күзденбаева отандық шоу–бизнестегі танымал жандардың өміріне қатысты болжамын айтып, Айқынның болашақта «үш некесі болуы мүмкін» деген еді.

Тағы оқыңыздар: 

Теміртауда күйеуін пышақтап өлтірген 40 жастағы әйел абақтыда асылып қалды

Тоғыз жастағы оқушы мұсылман әйелді төмендеткен премьер-министрге жауап берді

"Атымтай Жомарт" атанған ақтөбелік танымал депутат алаяқтық жасағаны үшін ұсталды

Атырау облысында полиция қызметкері жолды кесіп өтпекші болған екі адамды қағып кетті

Жақияновтың чемпиондық белдігін тартып алған британдық боксшы ауруханаға жеткізілген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1654866-tanymal-numerolog-ayqynnynh-zhuldyzbe.html