RU

Есік-терезе жоқ: ОҚО-да "соғыс кезін" еске салатын жедел жәрдем бекетінің жағдайы елді алаңдатты (фото)

Оңтүстікте жедел жәрдем дәрігерлері қираған ғимаратта қызмет етіп жүр. Халықты өлімнен арашалап қалатын ақ халаттылардың өзіне көмек қажет. Бір қарағанда соғыс кезінде жарылыс болғандай әсер қалдыратын медицина бекеті жартылай құлап, қабырғалары қирап жатыр. Тіпті кейбір кабинеттерде есік-терезе де жоқ. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылындағы жедел жәрдем бекеті апатты деп танылған. Тозығы жеткен ғимараттың проблемасын Сайрам аудандық мәслихат депутаты Сихымбай Сағындықов жылда сесияда көтереді.

Депутаттың сөзінше, аудандағы бас дәрігер Қалдыбай Ыдырысов 2016 жылы жедел жәрдем бекетінің мәселесін шештік деп өтірік есеп берген екен. Білдей бас дәрігердің жалған сөйлегенін растау үшін, Сихымбай Сағындықов бірнеше күн бұрын, Қайнарбұлақ ауылындағы жедел жәрдем бекетіне барып, өз көзімен сұмдық жағдайларға куә болып қайтқан.

"Сол баяғы шіреген ғимаратта жедел жәрдем мамандары жұмыс істейді. Бұл ғимарат жартылай құлап қалған. Жергілікті депутат ретінде бұл мәселені талай көтердім. Бірақ, Қалдыбай Ыдырысов жедел жәрдемді емханаға көшірдім деп жалған ақпарат береді. Кеше ғана өз көзіммен көріп қайттым. Ешқайда көшпеген. Дәрігерлер үшін алаңдаймын. Халыққа көмек беремін деп жүріп, ғимаратың астында қалып кетпесе болар еді", - дейді Сихымбай Сағындықов.

Ал, Сайрам аудандындағы бас дәрігер Қалдыбай Ыдырысов бұл мәселеге жауапты емес екендігін алға тартып, проблеманы аудандағы жедел жәрдем бекетіндегі мамандарға сілтеді. Аудандық жедел жәрдем бекеті апатты жағдайдағы медициналық мекеменің мәселесі келесі жылы шешіледі дейді.

"Қайнарбұлақ ауылындағы жедел жәрдем бекетіне жаңа ғимарат салу үшін сметалық құжаттар дайындалуда. 2018 жылы жаңа ғимарат салады. Уақытша проблема", - дейді бекет меңгерушісі Ділмұрат Акрамов.

Жауапты басшылар жылда шешіледі деп сылтауратып жүргенде жедел жәрдем бекеті қирап, дәрігерлер ғимараттың астында қалып кетуі мүмкін. Әзірге сала басшылары қол астындағы мамандарға қауіп төніп тұрса да көмектесуге асығар емес.

Тағы оқыңыздар: 

Назарбаев арнайы құттықтау жіберген Путиннің жеделхатына жауап берді

Қостанай облысында төртінші қабаттан құлап кеткен бір жасар сәби көз жұмды

Мезгілсіз өлім: әлемдегі миллиондаған адамның неден қайтыс болатыны анықталды

"Атымтай Жомарт" атанған ақтөбелік танымал депутат алаяқтық жасағаны үшін ұсталды

Атырау облысында полиция қызметкері жолды кесіп өтпекші болған екі адамды қағып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1655094-esik-tereze-zhoq-oqo-da-soghys-kezin-esk.html