RU

Жақында ғана әлем чемпионы болған жапондық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Орта салмақта WBA нұсқасы бойынша жаңа тұрақты әлем чемпионы Риота Мурата қазақстандық Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды деп хабарлайды Vesti.kz.

Жапон боксшысы Токиода камерундық Хассан Н'Дам Н'Жикамды жеңгеннен кейін орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымызбен жұдырықтасқысы келетінін айтқан.

"Мен жекпе-жектің бұлай аяқталғанына таңданып та тұрмын. Қарсыласым жекпе-жекті жылдамырақ аяқтағысы келді. Екеуміз де қатты шаршадық. Мен кездесуді жалғастыра түсіп, шыдамдылық таныттым. Ол жекпе-жекті тоқтатты.

Орта салмақта мықты боксшылар көп. Соның бірі – Геннадий Головкин. Мен оны жеңу үшін бар күш-жігерімді салатын боламын", - деді боксшы.

Риота Мурата орта салмақтағы boxrec рейтингінде 17-орында келеді. 13 жекпе-жек өткізіп, 1 кездесуінде ғана жеңілген.

Тағы оқыңыздар: 

Назарбаев арнайы құттықтау жіберген Путиннің жеделхатына жауап берді

Қостанай облысында төртінші қабаттан құлап кеткен бір жасар сәби көз жұмды

Мезгілсіз өлім: әлемдегі миллиондаған адамның неден қайтыс болатыны анықталды

"Атымтай Жомарт" атанған ақтөбелік танымал депутат алаяқтық жасағаны үшін ұсталды

Атырау облысында полиция қызметкері жолды кесіп өтпекші болған екі адамды қағып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1655178-zhaqynda-ghana-alem-chempiony-bolghan-zhap.html