RU

72 мұсылман намазда тұрған қалпында қаза тапты

Ауғанстан еліндегі екі бірдей мешітте жарылыс орын алып, 72 жанның өмірмен қоштасуына әкеліп соқты. Бұдан бөлек, 70-ке жуық мұсылман түрлі деңгейдегі дене жарақатын алған деп жазады muslim.kz.

Жарылыстың бірі Кабул қаласындағы «Имам Заман» мешітінде орын алса, екінші зұлымдық Гур провинциясындағы құлшылық үйінде жүзеге асқан.

«Жүрек ауыртатын қанды көрініс. Қабырғалардың барлығы қанға боялған, бөлшектеліп кеткен адам мүшелері...», – дейді оқиға орнында болған төтенше жағдайлар қызметкері Рахматуллах Ализада.

Тәртіп сақшыларының мәліметі бойынша, екі жарылыс арқылы лаңкестер осы уақытта мешітте құлшылық жасап жатқан әскери бөлім басшысы ФАзл Ахад есімді азаматтың көзін жоюға тырысқан болуы мүмкін.

Тағы оқыңыздар: 

Назарбаев арнайы құттықтау жіберген Путиннің жеделхатына жауап берді

Қостанай облысында төртінші қабаттан құлап кеткен бір жасар сәби көз жұмды

Мезгілсіз өлім: әлемдегі миллиондаған адамның неден қайтыс болатыны анықталды

"Атымтай Жомарт" атанған ақтөбелік танымал депутат алаяқтық жасағаны үшін ұсталды

Атырау облысында полиция қызметкері жолды кесіп өтпекші болған екі адамды қағып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1655256-72-musylman-namazda-turghan-qalpynda-qaz.html