RU
Ақтөбеде 15 жастағы қызды подъезден сүйреп шығып, зорламақ болған педофил табылмай жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде 15 жастағы қызды подъезден сүйреп шығып, зорламақ болған педофил табылмай жатыр

Расказать Вконтакте

Ақтөбеде таңертең сабаққа шыққан оқушы педофилдің құрбаны бола жаздады. Бұл туралы NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі хабарлайды.

Ақтөбеде 15 жастағы қызды подъезден сүйреп шығып, зорламақ болған педофил табылмай жатыр

Педофил. Көрнекі фото: U74.Ru

Ер адам 15 жастағы қызды қараңғы подъезден сүйреп, үйдің артына апарған. Педофил қызды жұлқылап шешіндіріп үлгергенімен, ойын жүзеге асыра алмайды.

Көмек сұраған қыздың дауысын сабаққа бара жатқан басқа оқушы естіген. Көмек шақырып жүрген екінші адамды көрген педофил қыздың телефонын тартып алып қашып кеткен.

Оқиға 19 қазан күні болған. 8 наурыз көшесіндегі «18а» тұрғын үйдің арты ретро саябақпен шектеседі. Үйдің артында саябаққа шығатын жол

болмағандықтан, көп адам жүрмейді. Ер адам ойын сол жерде жүзеге асырмақ болған. Педофилдің кім екені әлі күнге дейін белгісіз.

Ересек адамның құрбаны бола жаздаған оқушы қорқып отыр.

«Кім екенін біле алмай жатыр. Біз қорқып отырмыз. Мұны көрген қызымның жағдайын сұрамасаңыз да болады. Әбден қорқып қалған. Әйтеуір, аман қалды. Енді тезірек педофилдің ұсталғанын тілейміз», - дейді қыздың анасы.

Полиция педофилдің фотороботын жасап шығарған. 30-40 жас шамасындағы азиат нәсілді адамның кім екені әзірге анықталған жоқ.

Педофил оқушының «iPhone 5» маркалы ұялы телефонын қолды қылған.

Тағы оқыңыздар:

Бақытжан Сағынтаев елбасының тапсырмасымен Алматыға ат басын тіреді

Әшімбаев: 100 миллион доллар көмектен бас тартуға қырғыздардың құқығы бар

Оралда биіктен құлап, темірге қадалған жігіттің қожайыны ауруханаға аттап баспаған

Павлодарда алты жасар баланы бетонға лақтырып ұрған азамат жеңіл жазамен құтылды

Ақтөбе әкімі балалары оқитын ақылы мектепте "ақша жинағыш" ата-аналар туралы ашық айтты

 

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
3
6
15
4
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір