RU

Министр Мырзахметов ашуға булыққан депутаттардан сөз естіп қалды

Еліміздегі жайылым жағдайына көңілі толмаған депутаттар Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовке сын айтып, сұрақтар жаудырды. Бұл туралы NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі хабарлайды.

Депутаттар ел аумағы үлкен болғанымен, жайылымдардың аздығына жəне тиісті заң қабылданғанымен, заң жарты жылдам астам уақыт бойы орындалмай жатқанына күйініп, министрге сын айтты.

"Бұл көптен бері айтылып келе жатқан мəселе. Жер көп, бірақ шаруалардың мал бағатын жайылымдары аз. Осы мəселені шешу үшін, заң қабылданғанымен, орындалмаған. Бұған кім жауап береді?", - деп түсінбестік білдірді мəжілісмендер.

Министрлік өкілдері бұған жергілікті əкімдер жауапты деп ақталғанымен, министр сөз тізгінін өзі алып, тиісті жұмыстар атқарылатынына сендірді.

"Түк істелмей жатыр деп айта алмаймын. Мүдделі бізбіз, тиісті жұмыстар атқаратын боламыз", - деп қысқа қайырды ол.

Тағы оқыңыздар:

Мәсімов Назарбаевқа Қазақстанның жағдайы туралы айтып берді

72 мұсылман намазда тұрған қалпында қаза тапты

Көпшіліктің арманына айналған көлік енді мүлде шығарылмайтын болды

Тұмаудан сақтайтын үш сусынды білесіз бе?

Жақында ғана әлем чемпионы болған жапондық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1655496-ministr-myrzakhmetov-ashugha-bulyqqan-d.html