RU

Астана әкімдігі 55 млн теңгеге "Мерседес" көлігін сатып алды

Мемлекеттік мекемелер бағасы аса қымбат шетелдік көліктерді сатып алып жатыр. Мәселен, жуырда ғана Астана қаласы әкімдігі 55 миллион теңгеге Mercedes Benz S-Class көлігін арнайы тыпсырыспен алдырыпты деп хабарлайды sn.kz.

«ҚазАвтоӨнеркәсіп» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары кеңесінің басқарма төрағасы Олег Алферовтің айтуынша, 2017 жылы шетелдік көліктерге деген сұраныс Қазақстанның мемлекеттің мекемелері тарапынан күрт артқан. Мәселен, 2016 жылы шетелден тек 67 дана көлік әкелінсе, 2017 жылы бұл көрсеткіш 508-ге жеткен.

"Ең қомақты сауданы Астана қалысының әкімдік аппараты жасады. Олар 54,9 миллион теңгеге Mercedes Benz S-Class автокөлігін сатып алған. Сондай-ақ, биыл 22 миллион теңге тұратын Toyota Land Cruiser 200 жол талғамайтын көлігін Алматы, Ақмола, Қостанй және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері сатып алды. Бұл тізімді жалғастырып кете беруге болады, жыл басынан бері мемлекеттік мекемелерге барлығы 508 көлік шетелден әкелінген", - дейді ол.

Еске салайық, мемлекет басшысы бұған дейін министрлер мен әкімдерге тек отандық көлік сатып алуды қатаң тапсырған болатын. Алайда, елбасының бұл тапсырмасын орындаған шенеуніктер саны көп болған жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Мәсімов Назарбаевқа Қазақстанның жағдайы туралы айтып берді

Көпшіліктің арманына айналған көлік енді мүлде шығарылмайтын болды

Тұмаудан сақтайтын үш сусынды білесіз бе?

Осал тұстары көп ең сенімсіз көліктердің рейтингі жасалды

Әйелдер өтірік айтқанда қандай сөздерді жиі қолданатыны белгілі болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1655631-astana-akimdigi-55-mln-tenhgelik-mersede.html