RU

Владимир Божко: Зауытты "айғайлатып" ашасыздар, кейін тыныш жаба саласыздар

Халық қалауларының алдында есеп берген ауыл шаруашылығы министрі өкілдері əбден састы. Елдегі күні кеше ғана ашылған кəсіпорындардың жай-жапсарын сұраған мəжілісмендер министрлікке мін тақты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Владимир Божко əсіресе, ауыл шаруашылығы кəсіпорындарын ашуға бюджеттен көп қаржы бөліп алып, кейін тыныш қана жаба салатындарды сынға алды.

"Елдегі бірқатар кəсіпорындарды ашуын ашып алып, кейін жабылатын кезде үнсіз ғана жаба саласыздар. Оған кеткен қыруар қаржы туралы не айтасыздар?", - деп күйінді Божко.

Ауыл шаруашылығы министрі өкілдері кəсіпорын өнімдеріне сұраныстың жоқтығын айтып ақталды.

"Петропавлдағы кəсіпорын жабылған жоқ, бірақ өнім шығармайды", - деп қысқа ғана жауап берді олар.

Тағы оқыңыздар:

Мәсімов Назарбаевқа Қазақстанның жағдайы туралы айтып берді

Көпшіліктің арманына айналған көлік енді мүлде шығарылмайтын болды

Тұмаудан сақтайтын үш сусынды білесіз бе?

Осал тұстары көп ең сенімсіз көліктердің рейтингі жасалды

Әйелдер өтірік айтқанда қандай сөздерді жиі қолданатыны белгілі болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1655662-vladimir-bozhko-zauytty-ayghaylatyp-ash.html