RU

Оралда биіктен құлап, темірге қадалған жігіттің қожайыны ауруханаға аттап баспаған

Оралда биіктен құлап, темірге қадалған жігіттің беті бері қарады. Бірнеше күн хәл үстінде жатып, есін енді жиған Қайрен Баймолдин бүгін журналистерге жағдайдың қалай болғанын айтып берді деп хабарлайды КТК арнасы.

Жауынды күні шатырға шығып, жұмыс істемек болған азамат аяғының тайып кеткенін және қазықта қанша уақыт шаншылып жатқанын біледі екен.

"Поястан ұстап тартып тұрдым да, бұрап жатқанда аяғым тайып кетті, қолым да шығып кетті. Есімде бар қалай қадалып тұрғаным. Аяғымды қозғадым істеп тұрған сияқты. "Алды-артымнан ұстай тұрыңдар жедел-жәрдем келгенше, ауыртып бара жатыр" деп жігіттерге айттым", - дейді зардап шегуші Қайрен Баймолдин.

Темір қоршауға қадалып жатқан Қайренді төтенше жағдай мамандары қоршауды аралап алып, ауруханаға денеге қадалған темірлерімен жеткізген. Оған төрт сағат бойы операция жасаған мамандар тірі қалуы екіталай деген болжам жасаған еді. Қазір жағдайы қалыпты.

Ал Баймолдин шатырын жаппақ болған дәмхананың қожайыны әлі күнге ауруханаға аттап баспапты. Құрылысшының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаған жұмыс берушінің кінәсі дәлелденсе жауапқа тартылады.

Естеріңізге сала кетейік, оқыс жағдай 18 қазанда болған еді. 48 жастағы құрылысшы дәмхананың шатырын жабамын деп биіктен құлап, темірге шаншылып қалған.

Тағы оқыңыздар:

Ер мен әйел үйленбей тұрып бір-біріне қоюы тиіс сұрақтар

Астана әкімдігі 55 млн теңгеге "Мерседес" көлігін сатып алды

Ғалымдар қарым-қатынаста қызғаныштың пайдалы екенін мәлімдеді

Ақтөбеде 15 жастағы оқушыны зорламақ болған педофил табылмай жатыр

Жұрттың көзінше "дәрет сындырған" президенттің иті желіде жұлдыз болды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1655751-oralda-biikten-qulap-temirge-qadalgha.html