RU

Әшімбаев: 100 млн доллар көлеміндегі көмектен бас тартуға қырғыздардың құқығы бар

Астана бөліп отырған 100 миллион доллар көмектен бас тарту шешімін қарастыруға Қырғызстанның құқығы бар. Бұл туралы парламент мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев мәлімдеді.

Айта кетсек, Қырғызстан парламентінің бюджет және қаржы жөніндегі комитеті Қазақстанмен жасалған келісімнің күшін жою жөніндегі заң жобасын мақұлдады. Аталмыш заң жобасын енді парламенттің басқа комитеттері қарастырады, одан кейін құжат жалпы Жогорку Кенештің жалпы отырысына шығарылады.

"Халықаралық тәжірибе аясында, әрине, кейбір жағдайларда келісімнің күшін бір тараптан жоюға болады. Бірақ, жалпы алғанда, деносация – тараптардың өзара келісімі арқылы жүзеге асырылатын процесс", — деді Әшімбаев БАҚ өкілдеріне.

Депутат Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қырғыз тарапынан ресми ақпарат алмағанын айтып өтті.

"Егер Қырғызстан ондай шешім шығарып жатса – бұл олардың құқығы. Әрине, олар елі үшін не жақсы екенін, көмек керек пе, керек емес пе – өздері шешеді", — деп түйді сөзін Әшімбаев.

Қазақстан биыл шілдеде Қырғызстанға 100 миллион доллар бөлу туралы келісімді ратификациялады. Бұл қаражат Қырғызстанның Еуразия экономикалық одаққа қосылуына байланысты іс-шаралары жүзеге асыру үшін ұсынылды.

Тағы оқыңыздар:

Ер мен әйел үйленбей тұрып бір-біріне қоюы тиіс сұрақтар

Астана әкімдігі 55 млн теңгеге "Мерседес" көлігін сатып алды

Ғалымдар қарым-қатынаста қызғаныштың пайдалы екенін мәлімдеді

Ақтөбеде 15 жастағы оқушыны зорламақ болған педофил табылмай жатыр

Жұрттың көзінше "дәрет сындырған" президенттің иті желіде жұлдыз болды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1655778-ashimbaev-100-mln-dollar-kolemindegi-kom.html