RU

Құлаққаппен əн тыңдап бара жатқан қызылордалық тұрғынды пойыз қағып кетті

Қызылорданың Белкөл станциясында 40 жастағы азаматты жүк пойызы қағып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Апат Белкөл станциясындағы теміржол бойында болған.

«20 қазан күні шамамен таңғы сағат 08:19-да «Белкөл» станциясында Қызылорда қаласының тұрғынын жүк пойызы қағып кетті. Тексеру кезінде қаза тапқан ер адам теміржол жолын белгісіз жерден қиып, құлаққаппен әуен тыңдап бара жатқан. Соның салдарынан жүк пойызын көрмей, апатқа ұшыраған», - дейді Қызылорда қаласының ІІД баспасөз қызметі.

Аталған факт Қылмыстық кодекстің 344-бабының 1-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Осыған байланысты құқық қорғаушылар өңірдің барлық тұрғындарына темiржол өткелдерiнде сергек, абай болуды ескертеді.

Тағы оқыңыздар:

Бақытжан Сағынтаев елбасының тапсырмасымен Алматыға ат басын тіреді

Әшімбаев: 100 миллион доллар көмектен бас тартуға қырғыздардың құқығы бар

Оралда биіктен құлап, темірге қадалған жігіттің қожайыны ауруханаға аттап баспаған

Павлодарда алты жасар баланы бетонға лақтырып ұрған азамат жеңіл жазамен құтылды

Ақтөбе әкімі балалары оқитын ақылы мектепте "ақша жинағыш" ата-аналар туралы ашық айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1655914-qulaqqappen-tynhdap-bara-zhatqan-qyz.html