RU

Ақтауда қызымен бірге үшінші қабаттан секіріп кеткен әйел туралы жаңа дерек шықты

Ақтауда 15 жастағы қызымен бірге үшінші қабаттан секіріп кеткен Зарина Байдосова туралы өзге де деректер шығуда деп хабарлайды "Астана" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

40 жастағы әйелдің қолынан зардап шеккен әйелдің әпкесі журналистерге өзі хабарласты. Зардап шегуші Оксана Шип сіңлісі Маринаның Заринамен 2 жыл бұрын танысқанын айтады.

Зардап шегушінің айтуынша, Зарина оған мүгедек баланы асырап отырған жалғызбасты ана екенін, баспанасының жоқ екенін айтқан.

Марина келіншекті баласымен бірге өзінің әпкесі Оксананың пәтеріне тұрғызған. Ал бұл кезде Оксана шетелде болған екен.

Олар ол пәтерде жарты жыл бойы тұрған. Ал Зарина көшіп кеткен соң Марина сейфтегі барлық бағалы әшекейлердің ұрланғанын біледі. Ал ондағы 400 еуроға ешкім тиіспеген. Келтірілген шығын құны 25 мың долларға тең болған.

Зарина Байдосованы қанша іздегенімен, олар оны таба алмаған. Ал аз уақыттан соң олар жаңалықтардан Зарина туралы  туралы ақпараттарды көреді. Мұны көрген Оксана жедел түрде полицияға арыз жазған.

"Ол тек құнды әшекейлерді алып кеткен. Біз үйде жоқта, сағат екілерде келіп, 40 минуттан соң шығып кеткен. Бір қызығы, ол үйден жастық ала шыққан. Жаңалықтардан мен оның үшінші қабаттан секірген кезде жастықпен секіргенін естідім. Мен осыған таңғалып отырмын", - дейді зардап шегуші.

Еске салсақ, өткен аптада Ақтауда анасы 15 жастағы қызымен бірге үшінші қабаттан секіріп кеткен болатын. Аман қалған 40 жастағы Зарина Байдосованың сөзіне сенсек, ол осылайша шымкенттік полицейлердің қашпақ болған. Қазіргі таңда олар түрлі жарақаттармен облыстық ауруханада жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Бақытжан Сағынтаев елбасының тапсырмасымен Алматыға ат басын тіреді

Әшімбаев: 100 миллион доллар көмектен бас тартуға қырғыздардың құқығы бар

Оралда биіктен құлап, темірге қадалған жігіттің қожайыны ауруханаға аттап баспаған

Павлодарда алты жасар баланы бетонға лақтырып ұрған азамат жеңіл жазамен құтылды

Ақтөбе әкімі балалары оқитын ақылы мектепте "ақша жинағыш" ата-аналар туралы ашық айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1655923-aqtauda-qyzymen-birge-ushinshi-qabatta.html