RU
Көппәтерлі тұрғын үйлерде шектеулі пайдаланылатын ортақ мүлік
Жаңалықтар Қоғам

Көппәтерлі тұрғын үйлерде шектеулі пайдаланылатын ортақ мүлік

Рассказать Вконтакте

Көппәтерлі тұрғын үйлерде (КТҮ) пәтерлермен қатар атқаратын міндеттері әртүрлі жалпыға ортақ мүлік бар. Олардың бірқатарын назарларыңызға ұсынамыз.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ортақ мүлікке дара (бөлек) меншіктегі үй-жайлардан басқа, абаттандыру элементтерін және ортақ пайдаланылатын басқа да мүліктерді қоса алғанда, кіреберістер, баспалдақтар, лифтілер, төбелер, шатырлар, жертөлелер, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік почта жәшіктері, жер учаскесі жатады.

Айта кету керек, ортақ мүліктің кейбір бөлектері мүлде немесе толық ауқымда пайдаланылмайды, аталған элементтердің пайдалы қасиеттері кәдеге жаратылмайды және үйге әрі оның тұрғындарына пайда әкелмейді.

Осы орайда, ортақ мүліктің пайдаланылмайтын бөлімдерін жалға беру, КТҮ қажеттіліктеріне бағытталатын қаржы құралдарын әкелуі мүмкін.

Ортақ мүліктің жекелеген бөліктерін пайдалануға беру тәртібі «Шектеулі пайдаланылатын ортақ мүліктің тізімін анықтау бойынша ұсынымдар» нормативтік техникалық құжатында қарастырылған.

Ұсынымдар іс-шаралардың, сондай-ақ шектеулі пайдаланылатын КТҮ ортақ мүліктің тізімін реттейді, оларға мыналар жатады:

1) шатыр асты ғимараттар;

2) төле үй-жайлар орындары, жартылай жертөле және жертөле қабаттары;

3) жер учаскелері;

4) КТҮ кіреберістеріндегі тұрғын үй емес үй-жайлар;

5) КТҮ жер учаскесіндегі ғимараттар және құрылғылар.

Ұсынымдарға сәйкес, ортақ мүлікті жалға беру шарты бойынша келіп түскен табыстар (пайдалануға тапсыру) КТҮ қажеттіліктеріне, оның ішінде ағымдағы жөндеу жұмысына, инженерлік-техникалық жабдықтарды қондыруға және т.б. жұмсалады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel