RU

Қызметтен босатылатынын естіген офицер өзінің төрт әріптесін атып өлтірді

Шешенстанда Ресей гвардиясының аға лейтенанты әскери бөлімде төрт қызметтесін атып өлтірді. Кейін кезекші бөлім қылмыскердің көзін жойды. Бұл туралы Ресей гвардиясының БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі департаментінің хабарламасында айтылған деп хабарлайды Baq.kz.

«Коммерсант» газетінің ақпараты бойынша, оқ атқан жігіт – Дағыстан тумасы. Түрлі заң бұзушылық үшін жақында қызметінен босатылатынын естіген ол тиісті қолдаухат берген офицермен мәселенің басын ашып алмақшы болған.

Басылым дереккөзінің айтуынша, ол ішімдік ішіп, қару бөлмесінен тапанша-пулемет алған. Офицерге бара жатқанда, қаруланған лейтенанттың алдынан взвод командирі шыққан, ол қызметтесін райынан қайтармақ болыпты. Алайда лейтенант оны атып тастаған.

Кейін қылмыскер тапаншаның даусын естіп, жүгіріп келген тағы үш сарбазды да өлтіреді. Төтенше жағдай орнына дереу арнайы мақсаттағы топ жіберілді. Қарулы қызметтестерін көрген лейтенат қашып кетпек болған, алайда оқиға орнында көзі жойылды.

Қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр, әскери бөлімге орталық аппараттың бір топ офицері жіберілді. Тергеушілерден бөлек, әскери психологтар да жұмылдырылды.

Тағы оқыңыздар:

Қарақат Әбілдина арбаға таңылған 18 жастағы қыздың арманын орындады (видео)

Ақтауда қызымен бірге үшінші қабаттан секіріп кеткен әйел туралы жаңа дерек шықты

Павлодарда алты жасар баланы бетонға лақтырып ұрған азамат жеңіл жазамен құтылды

Ақтөбеде "сақалды" жігіттерді арнайы тексеру кезінде ірі көлемдегі қаражат қолды болған

Ата-жұртты аңсап, Қытайдан қоныс аударып келген 251 қазақ елден шығарылмайтын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1656220-qyzmetten-bosatylatynyn-estigen-ofi.html