RU

Қазақстан футболшылары әйгілі Мессимен бірге доп тебу бақытынан айырылып қалды

Кеше Қазақстан футбол федерациясының спорттық директоры Игорь Утробин Қазақстан құрамасы қараша айында Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасымен кездесуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Бірақ, Қазақстан және Аргентина аяқдопшылары арасындағы кездесу өтпейтін болды.

Утробин ҚФФ бұл кездесуге кететін шығынның 40 пайызын өздері, ал қалған шығында көтеретін демеушілер іздестіріп жатқанын айтқан еді. Сонымен қатар ол екі тарап келісімге келсе, кездесу Қазақстанда өтетінін де айтқан.

Бірақ кездесу өтпейді. Өйткені, Аргентина құрамасы қараша айында жолдастық кездесу өткізетін қарсыластарды анықтап қойыпты.

Тарқатып айтсақ, 11 қараша күні Аргентина Ресей құрамасымен кездесу өткізсе, 14 қараша күні Нигерия құрамасымен кездесу өткізетін болды. Бұл ақпаратты Аргентина футбол федерациясының ресми сайты хабарлап отыр.

Тағы оқыңыздар:

Қарақат Әбілдина арбаға таңылған 18 жастағы қыздың арманын орындады (видео)

Ақтауда қызымен бірге үшінші қабаттан секіріп кеткен әйел туралы жаңа дерек шықты

Павлодарда алты жасар баланы бетонға лақтырып ұрған азамат жеңіл жазамен құтылды

Ақтөбеде "сақалды" жігіттерді арнайы тексеру кезінде ірі көлемдегі қаражат қолды болған

Ата-жұртты аңсап, Қытайдан қоныс аударып келген 251 қазақ елден шығарылмайтын болды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1656246-qazaqstan-futbolshylary-aygili-messi.html