RU

Путин адамзат үшін ядролық қарудан да қауіпті қатерді жайып салды

Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин адамды белгілі бір сипат бойынша гендік тұрғыдан программалаудың атом бомбасынан да қауіпті екенін мәлімдеді. Ол бұл мәлімдемесін жастар мен студенттердің бүкіл әлемдік фестивалінде жасады деп жазады Islam.kz.

Ресей президенті гендік инженерияның адам жадын өзгертуге қабілетті фармакология саласындағы таңғажайып мүмкіндіктер туралы сөз қозғады.

"Адам адамды белгілі бір сипат бойынша жасай алатынына анық көз жеткіземіз. Бұл данышпан математик, данышпан музыкант болуы мүмкін немесе соғысқанда үрейге бой алдырмайтын, жаны ашуды білмейтін, жаны ауырмайтын әскери адам болуы мүмкін.

Білесіздер ме, адамзат бәлкім, жақын арада өзінің өмірі сүруі мен дамуындағы өте жауапты әрі күрделі кезеңді бастан кешіріп қалады. Менің қазіргі тілге тиек еткенім ядролық бомбадан да қауіпті",- деді ол.

Осылай дей келе алдыңғы қатарлы жаңа технологияларды кеңінен енгізу қажеттігін айта келіп, ол адамзатқа артылар жауапкершілікті, соның ішінде, адамгершілікті, теңдікті, әділеттілікті ұмытпай керектігін де ескертті. Әйтпесе, мұның арты жақсылыққа апармайтынын да қадап айтты.

Тағы оқыңыздар:

Қызметтен босатылатынын естіген офицер өзінің төрт әріптесін атып өлтірді

Павлодарда алты жасар баланы бетонға лақтырып ұрған азамат жеңіл жазамен құтылды

Ақтөбеде "сақалды" жігіттерді арнайы тексеру кезінде ірі көлемдегі қаражат қолды болған

Ата-жұртты аңсап, Қытайдан қоныс аударып келген 251 қазақ елден шығарылмайтын болды

Ақтөбені сегіз күн аралаған Еркін Нұржанов жарымжан тыңдармандарын қуанышқа бөледі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1656261-putin-adamzat-ushin-yadrolyq-qarudan-da.html