RU

Екі аяғынан айырылған алматылық қыз сотта жол апатының қалай болғанын айтты

Алматылық Екатерина Парафиеваны екі аяғынан айырған жол апатына қатысты іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр деп хабарлайды Спутник Қазақстан агенттігі.

Отырыс Алматының Бостандық ауданының №2 сотында судья Арай Нұғыманованың төрағалығымен өтуде. Автобус жүргізушісі Дәурен Жанабаевтың үстінен қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлімі (денсаулыққа ауыр залал әкелген жол қозғалысы ережесін немесе көлікті пайдалануды бұзу) бойынша іс қозғалды.

Екатерина Парафиеваның айтуынша, сол күні ол әріптесімен жұмысынан Әл-Фараби даңғылымен Сайын көшесіне қарай келе жатқан, күн ашық, жолда көлік көп болмаған.

"Біз сол жақ қатарда келе жаттық. Президент саябағына жақындаған кезде мен жолда шығып тұрған бір затты көрдім. Оны байқаған кезде көлікті тежей бастап, айналып өтпек болдым. Біз өте шыққаннан кейін тарс еткен дыбыс шығып, көлік бір жақтан екінші жаққа шайқала бастады. Мен әрең дегенде көлікті тоқтаттым", — деді ол.

Көлігінің апаттық белгісін қосқаннан кейін Екатерина Парафиева доңғалағын қарау үшін сыртқа шыққан. Ол доңғалақтың тесілгенін көреді де, жүксалғыштан апаттық аялдама белгісін алып шықпақ болады.

"Мен жүксалғышқа жақындап, оны ашпақ болдым, бір мезетте маған қарай ұшып келе жатқан Toyota Camry көлігін көрдім. Көліктің жылдамдығы тым үлкен болды, мен ештеңе істеп үлгере алмадым. Біз көліктің жанында тұрған жоқпыз, бірден шықтық, көлікті тоқтатқан кез бен апаттың арасы – 1-1,5 минут қана", — дей келе, зардап шеккен қыз автобусты көрмегенін айтты.

Тағы оқыңыздар:

Қызметтен босатылатынын естіген офицер өзінің төрт әріптесін атып өлтірді

Павлодарда алты жасар баланы бетонға лақтырып ұрған азамат жеңіл жазамен құтылды

Ақтөбеде "сақалды" жігіттерді арнайы тексеру кезінде ірі көлемдегі қаражат қолды болған

Ата-жұртты аңсап, Қытайдан қоныс аударып келген 251 қазақ елден шығарылмайтын болды

Ақтөбені сегіз күн аралаған Еркін Нұржанов жарымжан тыңдармандарын қуанышқа бөледі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1656319-eki-ayaghynan-ayyrylghan-almatylyq-qyz-s.html