RU

«Жоқ, жоқ», «Зың-зың»: Мақпал Жүнісова елімізде мағынасыз әндер қаптап кеткеніне күйінді (видео)

Мақпал Жүнісова қазақ эстрадасында мағынасыз әндер қаптап кеткенін айтып, күйінішін жеткізді. Бұл туралы NUR.KZ порталы әншінің Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақ эстрадасын қалыптастыру жолында біраз еңбек етіп келе жатқан әншілерміз. Қазақ эстрадасы енді қалыптасып, жастар біздің артымыздан еріп, жақсы бір әуенмен келе жатыр еді. Аяқ астынан осындай Еуропаның музыкасын, Африканың музыкасын алады... Оған қазақша сөзді қосады, қалай-болса солай, мән-мағынасы жоқ...

Не өлең енді анау, «зың-зың», «дың-дың», «дым-дым» дей ме... «Жоқ-жоқ» не ән бұл? Ол қандай ұрпақты неге тәрбиелейді. Біздің ұлы ақындарымыздың өлеңдері, Тұманбай ағамыз, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, Исраил Сапарбаев, Қадыр Мырза Әлиев, сол кісілердің өлең жолдары қайда қалды? Қайда қалды?», - деп күйінді Мақпал Жүнісова.

Тағы оқыңыздар:

Қызметтен босатылатынын естіген офицер өзінің төрт әріптесін атып өлтірді

Павлодарда алты жасар баланы бетонға лақтырып ұрған азамат жеңіл жазамен құтылды

Ақтөбеде "сақалды" жігіттерді арнайы тексеру кезінде ірі көлемдегі қаражат қолды болған

Ата-жұртты аңсап, Қытайдан қоныс аударып келген 251 қазақ елден шығарылмайтын болды

Ақтөбені сегіз күн аралаған Еркін Нұржанов жарымжан тыңдармандарын қуанышқа бөледі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1656375-zhoq-zhoq-zynh-zynh-maqpal-zhunisova-e.html