RU

Ғалымдар алдағы күндері адамдардың басы ауыруы мүмкін екенін айтып, дабыл қақты

Алдағы күндері екі магниттік дауыл болады. Дауылдың Жерге жету ықтималдығы 65 пайызды құрап отыр деп хабарлайды life.ru басылымына сілтеме жасаған Baq.kz.

Ғалымдар 24-27 қазан аралығында жойқын магниттік дауыл болады деп болжап отыр. Зерттеушілер атап өткендей, дауылдың Жерге жету ықтималдығы едәуір жоғары. Бұл туралы Мұхиттық және атмосфералық зерттеулер ұлттық басқармасының сайтында айтылған.

Ғалымдар магниттік дауылға себепші болатын екі күн желінің ағынын тіркеді. Мамандардың айтуынша, дауылдың Жерге жету ықтималдығы 65 пайызды құрайды. Басқарма мәліметіне сүйенсек, болжанып отырған магниттік дауылдар болмашы және бірқалыпты деп сараланған.

Сарапшылардың айтуынша, соңғы уақытта күн ағыны кезеңділігі айтарлықтай жиілеген. Енді магниттік дауыл бір айда екі рет болуы мүмкін.

Ғалымдар дауыл кезінде байланыс құралдарының жұмысында кідіріс болып, метеотәуелді адамдардың басы ауырып, қан қысымы құбылып, әлсіздік болуы мүмкін екенін айтты.

Тағы оқыңыздар:

Қостанайда қараусыз қалған сәби қонақ үйдің бесінші қабатынан құлап кетті

«Жоқ, жоқ», «Зың-зың»: Мақпал Жүнісова елімізде мағынасыз әндер қаптап кеткеніне күйінді (видео)

Ақтөбелік имам: Тұрмысқа шыққысы келетін қыздар мен ішіне жын кірген адамдар көбейген

Екі аяғынан айырылған алматылық қыз сотта жол апатының қалай болғанын айтты

Қазақстан футболшылары әйгілі Мессимен бірге доп тебу бақытынан айырылып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1656419-ghalymdar-aldaghy-kunderi-adamdardynh-b.html