RU

Балқашта бейіт басында бойжеткенді жабылып зорлағандарға сот үкімі шықты

Балқашта әйелді жабылып зорлау ісіне қатысты ұсталған екі адам бас бостандығынан айырылды деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

"Сот екі сотталушыны 12 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Олар жазасын орта деңгейдегі қауіпсіздік колониясында өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ", — деді баспасөз қызметінің өкілі.

Еске сала кетсек, өткен жылы тамызда екі ер адам қызды бейіт басына апарып, зорлаған. Мұнымен қоймай, олар күрекпен ұрып, өлтіреміз деп қорқытып, әйелге мола қаздыртқан. Зорлық көрген әйел әзер қашып құтылған. Ер адамдар тек бір жылдан кейін ұсталады.

Зардап шеккен әйелдің қорғаушысы Айман Омарова хабарлағандай, қылмыстық істі ұзаққа созып жібергендіктен, қоғамға жариялап, жұрттың назарын аударуға тура келген.

Тағы оқыңыздар:

«Барыс» хоккейшісі ойын кезінде қарсыласымен жаға жыртысып қалды

Қостанайда қараусыз қалған сәби қонақ үйдің бесінші қабатынан құлап кетті

«Жоқ, жоқ», «Зың-зың»: Мақпал Жүнісова елімізде мағынасыз әндер қаптап кеткеніне күйінді (видео)

Ақтөбелік имам: Тұрмысқа шыққысы келетін қыздар мен ішіне жын кірген адамдар көбейген

Екі аяғынан айырылған алматылық қыз сотта жол апатының қалай болғанын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1656518-balqashta-beyit-basynda-boyzhetkendi-zh.html