RU

Денесінен ешбір жарақатсыз қан аға беретін қыз жұрттың зәресін ұшырды (фото)

Италияда денесінен ешбір жарақатсыз қан аға беретін бойжеткен тұрады. 21 жастағы бойжеткеннің бұлай қиналып жүргеніне үш жыл болған деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған Baq.kz.

Италиялық дәрігерлер алақаны мен бетінен еш жарақатсыз қан ағатын қызды ауруханаға жатқызды. Қыздың айтуынша, оның бұлай қиналып жүргеніне үш жылдай болған.

Терлеген кезде денесінен бес минут тоқтамастан қан ағады екен. Осының салдарынан қыз қоғамнан бөлектеніп, күйзеліске ұшыраған. Дәрігерлер науқасқа гематидроз деген диагноз қойды.

Бұл ауру сирек кездеседі, тер қанмен араласып, тері арқылы сыртқа шығады. Бұған қан тамырлары қабырғасының зақымдануы себеп.

Дәрігерлер қызға қан тамырлары жүйесін нығайтып, күйзелістен арылтуға бағытталған дәрі-дәрмек жазып берді. Дегенмен бұдан қыз толық емделіп кеткен жоқ.

Тағы оқыңыздар:

«Барыс» хоккейшісі ойын кезінде қарсыласымен жаға жыртысып қалды

Қостанайда қараусыз қалған сәби қонақ үйдің бесінші қабатынан құлап кетті

«Жоқ, жоқ», «Зың-зың»: Мақпал Жүнісова елімізде мағынасыз әндер қаптап кеткеніне күйінді (видео)

Ақтөбелік имам: Тұрмысқа шыққысы келетін қыздар мен ішіне жын кірген адамдар көбейген

Екі аяғынан айырылған алматылық қыз сотта жол апатының қалай болғанын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1656620-denesinen-eshbir-zharaqatsyz-qan-agha.html