RU

Адвокат: Қуандық Бишімбаевқа бәленің бәрін жаба салмақшы

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев өзіне тағылған айыптармен келіспейді. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында экс-министрдің адвокаты Мәди Мырзағараев айтты деп хабарлайды Baq.kz.

Қорғаушының айтуынша, айыптаушы тарап куәгерлердің айтқанын ғана дәлел ретінде келтіріп отыр.

«Кейбір адамдар қылмыс үстінде ұсталған. Енді олар қиын жағдайдан амалын тауып, құтылып кеткісі келеді. Сондықтан да олар өздерінің жазасын жеңілдетіп, бәленің бәрін Бишімбаевқа жаба салмақшы», - деді ол.

Сонымен қатар адвокат Қуандық Бишімбаевтың өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін жеткізді.

«Ол соттың әділ өтетініне сенеді және барлық айғақты (өзінің кінәсіз екенін дәлелдейтін мәліметтер – автор) судьяға көрсеткісі келеді», - деді Мәди Мырзағараев.

Сондай-ақ, адвокаттар жиында Бишімбаевтың ісіне қатысты 23 адамға айып тағылғанын айтты.

Естеріңізде болса, Астанада Қуандық Бішімбаевтың ісіне қатысты қорғаушылардың баспасөз мәслихаты өтті.

Онда адвокаттар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы таратқан бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысына бөлінген қаражатты жымқыруға қатысты қылмыстық іс бойынша «1,2 миллиард теңге көлемінде мемлекетке өтемақы төледі» деген ақпараттың жалған екенін айтты.

Тағы оқыңыздар:

«Барыс» хоккейшісі ойын кезінде қарсыласымен жаға жыртысып қалды

Қостанайда қараусыз қалған сәби қонақ үйдің бесінші қабатынан құлап кетті

«Жоқ, жоқ», «Зың-зың»: Мақпал Жүнісова елімізде мағынасыз әндер қаптап кеткеніне күйінді (видео)

Ақтөбелік имам: Тұрмысқа шыққысы келетін қыздар мен ішіне жын кірген адамдар көбейген

Екі аяғынан айырылған алматылық қыз сотта жол апатының қалай болғанын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1656633-advokat-quandyq-bishimbaevqa-baleninh.html