RU

Қыпша бел үшін төрт қабырғасын кесіп тастаған ару сынға қалды (фото)

Германияда тұратын Софья Воллерсхайм қыпша белді бала кезінен армандап келген. Әйел 30 жасында ақыры сол арманы үшін ота жасатуға дейін барады. Бұл туралы NUR.KZ порталы thesun.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде Софья қыпша бел үшін төрт қабырғасын алдырып тастаған. Оның белі небәрі 46 сантиметрді құрайды. Арудың желі парақшасы 130 мың жазылушыны жинап үлгерген.

Дегенмен желі қолданушылардың арасында Софьяны пластикалық ота жасатқаны үшін сынайтындардың қарасы көп. Алайда ару оларға еш мән бермейді екен.

"Менің тәнім, онымен не істесем де, өз еркім", - дейді төрт қабырғасын өз еркімен кесіп, алып тастаған әйел.

Тағы оқыңыздар:

Қостанайда қараусыз қалған сәби қонақ үйдің бесінші қабатынан құлап кетті

«Жоқ, жоқ», «Зың-зың»: Мақпал Жүнісова елімізде мағынасыз әндер қаптап кеткеніне күйінді (видео)

Ақтөбелік имам: Тұрмысқа шыққысы келетін қыздар мен ішіне жын кірген адамдар көбейген

Екі аяғынан айырылған алматылық қыз сотта жол апатының қалай болғанын айтты

Қазақстан футболшылары әйгілі Мессимен бірге доп тебу бақытынан айырылып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1656648-qypsha-bel-ushin-tort-qabyrghasyn-kesip-t.html