RU

Ұшақтың есігін жаппақ болған стюардесса жерге құлап кетті

Стюардесса ұшақтың есігін жабамын деп құлап түсті. Түрлі дене жарақатын алған қызметкер ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды life.ru басылымына сілтеме жасаған Baq.kz.

Оқиға 23 қазанда Қытайдың оңтүстігіндегі Шэньчжэнь қаласының әуежайында болды. Стюардесса ұшқалы жатқан лайнердің есігін өз бетінше жаппақ болған, алайда ол үш метрлік биіктіктен құлап кетті.

Бортсерік China Eastern авиакомпаниясында жұмыс істейді. Нұсқау бойынша, ұшақтың есігін жапқан кезде стюардессаның қасында экипаждың екі мүшесі болуы тиіс.

Төтенше жағдайға байланысты лайнер Куньминге екі сағатқа кешігіп ұшты.

Тағы оқыңыздар:

Қостанайда қараусыз қалған сәби қонақ үйдің бесінші қабатынан құлап кетті

«Жоқ, жоқ», «Зың-зың»: Мақпал Жүнісова елімізде мағынасыз әндер қаптап кеткеніне күйінді (видео)

Ақтөбелік имам: Тұрмысқа шыққысы келетін қыздар мен ішіне жын кірген адамдар көбейген

Екі аяғынан айырылған алматылық қыз сотта жол апатының қалай болғанын айтты

Қазақстан футболшылары әйгілі Мессимен бірге доп тебу бақытынан айырылып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1656722-ushaqtynh-esigin-zhappaq-bolghan-styuarde.html