RU

60 жасында тұңғышын дүниеге әкелген кейуана күйеуімен ажырасып тынды (фото)

Атифа Лияджич 60 жасында алғаш рет бала көтеру бақытына ие болады. Алайда бұл жаңалықтан кейін қуана қоймаған жан жары оны тұңғышымен бірге тастап кетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы Lemurov.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

20 жыл бойы әйелін бала көтере алмайды деп санап келген Сериф жан жарымен өмірінің соңына дейін бірге болуға әзір еді. Ал ана атанудан үмітін үзбеген Атифа 60 жасқа дейін түрлі ем қабылдап, ақыры арманына қол жеткізеді.

Ол бала көтергенін білгенде, күйеуі бұған қуана қоймаған. Ер адам әйелінің денсаулығы үшін алаңдап, балалы болуға қарсылық білдіреді.

Дегенмен сүйіктісінің шешіміне мойынсұнып, оны жүктілік кезінде барынша аялап-күтеді. Өкінішке қарай, бала дүниеге келгенде Серифтің шыдамы таусылған.

Ол нәрестенің жылай беретінінен мезі болып, жан жарын тастап кетті. Ер адам қартайған шағында әке атануға дайын еместігін алға тартып, тыныштықта өмір сүруді қалайтынын айтқан.

Атифа болса, өз таңдауына еш өкінбейді. Ол тұңғышын жалғыз өзі аяқтан тұрғызуға ниетті.

Тағы оқыңыздар:

Қостанайда қараусыз қалған сәби қонақ үйдің бесінші қабатынан құлап кетті

«Жоқ, жоқ», «Зың-зың»: Мақпал Жүнісова елімізде мағынасыз әндер қаптап кеткеніне күйінді (видео)

Ақтөбелік имам: Тұрмысқа шыққысы келетін қыздар мен ішіне жын кірген адамдар көбейген

Екі аяғынан айырылған алматылық қыз сотта жол апатының қалай болғанын айтты

Қазақстан футболшылары әйгілі Мессимен бірге доп тебу бақытынан айырылып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1656725-60-zhasynda-tunhghyshyn-duniege-akelgen-key.html